Ойландыратын өмір

Ойландыратын өмір

Бүгін таңертеңгісін қолына қатты қағаз ұстап тұрған үйсіз баланы көрдім. Әдетте көріп үйренген "Тиын тастаңыз" деген сөздің орнына "Маған күлкіңізді сыйға тартыңыз" деп жазып алыпты.

Бүгін он үш жастағы ініме таяуда ажырасып кеткен ата-анамыз туралы айттым. Енді олардың бір-бірін сүймейтіндіктері оның жанына бататындығын сұрадым. Ал оның өз жауабы бар екен: "Менің ойымша, олар бірге болмаған уақытта бір-бірлерін қатты жақсы көреді...".

Көшеде кетіп бара жатқан бір бейтаныс адам бүгін менің иығымнан қағып, былай деді: "Көз алдыңа елестет, егер сен болмағанда, бұл әлем басқаша болар еді".

Бүгін мен күйеуімнен хат алдым. Ол қазір сырт елде қызметте жүр. Хатта былай деп жазып жіберіпті: "Мен сені ойлап сағынбаймын, мен екеуміз туралы ойланып сағынамын". Мен ешқашан мұндай сөз тіркесін естіп көрген емеспін. Бірақ, мен есесіне оның қандай сезімде жүргенін аңғардым.

руки

Жасым 22-де және жақында ғана өмір бойы бала сүйе алмайтынымды білдім. Бұрын ана болғым келмейді деп жиі айта беруші едім. Енді міне, әр күн сайын жылап жүрмін. Дүкендегі балалар киімін көрсем, егіліп кетем. Өйткені, менде енді таңдау жоқ.

девушка с сыном

Бүгін маған бір әйел өзінің жол апатынан қайтыс болған қызы үшін қалай қатты қайғырғанын айтып берді. Ол біршама уақыттарға дейін есін жия алмай жүріпті. Әр күн сайын жылап алатын болған. 

Бірде ол түсінде кішкентай қызды көреді. Екі қолына екі үлкен шелек ұстап алған қыз ауырсынып бара жатыр. Әр қадамын үлкен қиындықпен басқан қыздан бір танысы сұрап тұр: "Сен не алып бара жатырсың?"

Ал ол болса:

"Бұл сенің көз жасың, мама".

Сол күннен бастап өз-өзін қолға алып, ендігәрі жыламайтын болған.

сурет:vk.com

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига