Бүгін сығандардың күні

Бүгін сығандардың күні

Халықаралық сығандар күні (International Roma (Gypsy) Day) 1971 жылы сәуір айының сегізінші жұлдызында Лондонда өткен Бүкіләлемдік сығандар конгресінде белгіленді. Конгреске 30 мемлекеттің уәкілі қатысқан болатын. Нәтижесінде, олардың ұлттық нышандары: ту, әнұран қабылданып, өздерін жеке тәуелсіз ұлт деп жариялады. 

Жалпы сығандар туралы ең алғашқы деректер 1501 жылдардан бастап кездеседі. Қазіргі таңда олардың саны 8-10 миллионға жетіп отыр. Негізінен сығандар Солтүстік және Оңтүстік жартышарларда: Албания, Румыния, Молдова, Хорватия, Аргентина, Белоруссия, Канада, Бразилия, Ресей және т.б елдерді мекендейді. Олар туралы қосымша деректерді мына жерден біліп алуыңызға болады.

Сегізінші сәуірден кейін бір апта бойы көптеген мемлекеттерде Халықаралық сығандар фестивальдары өткізіледі. Шара барысында сурет-көрмелер, кинокөрсетілімдер, театрландырылған қойылымдар, ән, би байқаулары, әзіл кештері ұйымдастырылады. 

«Жаратушы сығандарды ерекше таланты мен сауық-сайраны үшін жақсы көріп, өзі ұнатқан халқына күллі әлемді сыйға тартады. Сондықтан да, сығандар бір жерде ұзақ аялдау, отырықшы өмір сүру дегенді білмейді...» деп аңыз шертетін сыған халқы жыл сайын өздерінің мерекелерін асқан сағынышпен, үлкен дайындықпен күтеді.

Суреттер:жеке мұрағат

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева