Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Сырлы әлем / Адам денесіндегі ғажайыптар

Адам денесіндегі ғажайыптар

Адам денесіндегі ғажайыптар

Кейбір таңғажайып ерекшеліктерге ие адамдар да өмір сүреді. Ал кейде өз денеміздегі ерекше құбылыстарды байқай бермейміз. Кейбірін ғылым әлі ашып-біліп үлгермегенімен, көпшілігі табиғатпен, ғылыммен тығыз қатысты болып жатады. Ендеше, мына ғажаптарға қараңыз.

***

Англияның Лондон қаласында Клени есімді бір адам бар. Ол күн ашық күндері таңғы сағат сегізден бастап, кешкі беске дейін тоқтаусыз түшкіреді. Ал дәрігерлер оның күн сайын 15 мың рет түшкіретінін айтады.

Дәрігердің ескертуі: Адамның бір реткі түшкірігінде 10-15 мың түшкірік шашырандысы болып, ол шамамен 15 мың бактерия тарата алады. Егер түшкірген адамда ауру бактериясы болса, айналадағы адамға ауру жұқтыруы мүмкін.

***

Американың бір кеме компаниясында жұмыс жасайтын Бломат деген әйел бір жолы абайсызда жаюлы тұрған қызыл бұрышты басып кетеді. Сәлден соң оның аузы, тілі дуылдап аши бастайды. Сөйтсе, ол табанымен-ақ кез келген заттың дәмін сезе алады екен. Әрине бұл жақсы қасиет емес.

Психологтардың ескертуі: Дәмді тіл сезіне алғанымен, оның ащы-тұщы екенін жіктейтін үлкен ми. Сондықтан кейбір ерекше жаратылыстағы адамдар дененің өзге де мүшелерімен дәм, иіс сезіне алады. Алайда бұл миллион адамның ішінде біреуінде ғана кездесуі мүмкін.

***

Шри-Ланкада көптеген зерделі інжу-маржан саудагерлері бар. Сатып алушылар зат талдап жатқан кезде, олар көбінде алармандарының көз қарашығын бақылайды. Егер көз қарашығы үлкейе қалса, онда олар қолына ұстап тұрған затқа қатты қызықты деген сөз. Сол арқылы заттың бағасын кемітпейді. Бұл да пайда табудың психологиялық тәсілі.

Психологиялық кеңес: адам қуанарлық немесе қызығарлық затты көргенде, көз қарашығы үлкейеді. Ал қорқынышты немесе мезі болатын заттарды көргенде, керісінше, көз қарашығы кішірейіп кетеді. Жақсы бақылаған адам мұны оңай байқай алады. Адам өтірік сөйлегенімен, қарашық ешқашан өтірік айта алмайды. Сондықтан да көптеген ата-аналар баласының өтірік айтып тұрмағанын білу үшін «Көзіме қарап сөйлеші» деп біле қояды.

***

Монаколық 47 жастағы кемеші Лилани ауыр жүрек ауруына кіріптар болып, өміріне қауіп төнеді. Дәрігерлер оған жүрек ауыстыру операциясын жасауды ұйғарады. Бірақ, адам жүрегі табылмағандықтан, лажсыз шошқаның жүрегін көшірген. Сонымен, бұл ота өте сәтті аяқталып, жұртты таң қалдырған. Бірақ, отадан кейін Лиланидың іс-қимылында төтенше ғажап өзгерістер туылған. Ол үнемі төрт аяқтап жүруді ұнатады екен. Кейіндеп қоқыр-қоқсық ішінен лат нәрселерді алып жеуге әуес болған. Бірте-бірте бүкіл денесі ластанып, адам кейпінен шығардай боп өзгерген.

Дәрігердің ескертуі: Үлкен мидан бөлек, жүрек адам денесінің екінші миына ұқсайды.

Дайындаған: Алшын Матай 

Сурет: baidu.com

879 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Қайсар Қауымбек
Қосылған күні: 02 сәуір 2013, 19:53
Пікірлер
+0
02 сәуір 2013, 23:01

Адамның жүрегі басты құрал емес пе өмір сүруінде

+0
03 сәуір 2013, 11:03

Өмірде адамболып қалғанға не жетсін :roll:

+0
03 сәуір 2013, 16:24

соңғысын бір қыздан естіп сеніңкіремеп едім...

+0
06 сәуір 2013, 23:20

баска жануар таба алмай калыппа? :lol:

+0
07 сәуір 2013, 22:15

негізінде адам мен шошқаның ұқсастықтары бар дейдіғооо. Адамда да шошқада да 4 топтық қан болады, екеуініңде денесінде түк болмайды т.б мүмкін содан шығар ауыстырғаны!!!!! а тағы кішкене балаларға шошқа деп ұрсасын ғо лас лас болып жүрсе :lol:

+0
22 шілде 2014, 16:17

шошканын етiн жеуге болмайтыны сондыктан.ол адамга оте уксас.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...