Солтүстіктің Періштесі

Солтүстіктің Періштесі

Солтүстіктің Періштесі (Angel of the North) — Англиядағы Гейтсхед аумағында орналасқан заманауи ескерткіш. Жоба авторы - Энтони Гормли. Болаттан жасалған мүсіннің биіктігі 20 метрді, ал кеңінен жайған қанаты 54 метрді құрайды. Салмағы - 208 тоннадан асады. Бұл дегенің баршамызға белгілі "Бостандық" мүсінінен үлкен деген сөзді білдіреді және Періштеге арналған ескерткіштердің ең үлкені саналады.

Энтони Гормлей бір сөзінде "мен бұл туындым арқылы "құшақ түйсігін" жасағым келді" деген екен. Расымен де, бір қарағанда қыр үстіндегі Періште сізді құшағына шақырып тұрғандай болады.

Жоба жұмыстарына деген дайындық 1994 жылы басталды. Есеп-қисап туралы айтар болсақ, мамандар оны тұрғызуға кеткен қаржы 1 млн. фунт стерлингті құрайтындығын айтуда. Негізінде, жобаны қаржыландыруды Ұлттық лоторея (National Lottery) өз мойнына алған.


Мүсін шамамен 160 км\сағ жылдамдықта соғатын желге төтеп бере алуы керек. Өйткені, 20 метр мүсінді қатыру үшін 165 тонна бетон пайдаланылған болатын.

Перішетінің құрылыс жұмыстары 1998 жылдың 16 ақпанында аяқталды. Ашылу салтанаты өтісімен, мүсін туралы небір дау-дамайлы мәселелер қозғалғанымен, бүгінде оған Солтүстік-Шығыс Англияның ең көрікті жері ретінде құрмет көрсетіледі. Жергілікті тұрғындар кейде оны "Гейтсхедтік шамшырақ" деп еркелетіп атайтын көрінеді.

Суреттер:vk.com

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева