Әйгілі аяқ киім тележүргізушіні бәлеге қалдыра жаздады

Әйгілі аяқ киім тележүргізушіні бәлеге қалдыра жаздады

Англияның әйгілі тележүргізушісі, кезіндегі «Лондонның ең тартымды аруы» атағын алған Тара Палмер ерекше жобаланған биік өкшелі аяқ киімінің кесірінен Цюрих әуежайында жеті сағат бойы қатаң тексеруден өтуге мәжбүр болған. Бар кінәсі - киген аяқ киімінің өкшесінің тапаншаға ұқсап қалған.

Ол әуежайда қатаң тексеруден өткен соң, ұшақ күту залында отырып туиттердегі парақшасына: «Цюрих әуежайында «ұсталып қалдым». Киімдерімді салған шабадан Х сәулелі тексеруден өту барысында, экраннан тапаншаның суреті көрініпті. Қазір олар менің сумкаларымды, заттарымды мұқият тексерді. Жеті сағат бойы әуреге түстім» деп жазыпты.

Әйгілі аяқ киім жобалаушысы Карл Лагерфилд

Журналистер үшін бұл да қызықты оқиға болған тәрізді. Онсыз да қымбат маркалы аяқ киімінің «даңқы» тіпті де арта түскен секілді. Ал Англияның белгілі интернет желісінде «Бұл әйгілі ерекше аяқ киімнің өкшесі шынында да суық қарудың бейнесінде жасалған. Биіктігі 9 см. Бағасы 1500 АҚШ доллары» деп жазылған.

Дайындаған: Алшын Матай

Сурет: baidu.com

Қ. Қауымбек