BBС қызметкерлері жұмыстарын тоқтатты

BBС қызметкерлері жұмыстарын тоқтатты

Әлемге әйгілі халықаралық ең беделді Британ радиохабар бірлестігінің (BBС) қызметкерлері басқару жүйесіне наразылық білдіріп, 12 сағат бойы жұмыстарын тоқтатты.

28 наурыздан бастап барлық қызметкерлер 12 сағаттық жұмыс тастау қозғалысын ұйымдастырып, компанияның жұмысшыларды қысқарту жоспарына қарсы тұрған. Және компания ішіндегі «басқару мәдениетіне» өз наразылықтарын білдірді.

Англия мемлекеттік журналистер қоғамы және компания қызметкерлері алдыңғы айда билет тастау арқылы бұл жолғы жұмыс тастау қозғалысын мақұлдаған.

Осы жұмыс тастау наразылығы себепті, BBС компаниясы қиын жағдайға душар боп тұр. Компания басшылары радиохабар қызметінің кедергіге жолыққаны үшін көрермендерге түсінік бере алмай отыр. Жалпы Ұлыбританияның журналистері бұл шеруге атсалысуда. Осыдан бір ай бұрын 18 ақпанда мемлекеттік журналистер қоғамы 24 сағат бойы жұмыс тастау қозғалысын ұйымдастырған болатын.

1927 жылы негізі қаланып, 1932 ресми түрде құрылған айтулы компания соңғы жылдары әртүрлі ішкі және сыртқы жақтан іри бастаған. Өткен жылдың соңына қарай компания ішінде орын алған зорлықты қылмыс халықаралық деңгейде сөгіске жолықты. Артынан іле-шала туылған «Хабарламадағы қателіктер» себебінен компания атына арыздар түсе бастады.

Енді компанияның жұмысшыларды қысқарту жоспары тағы да қарсылыққа тап болып отыр. Бұл жоспарда алдағы бес жыл ішінде екі мыңнан астам қызметкерді қысқарту жолға қойылған болатын. Бұлардың көпшілігі өз еркімен жұмыстан кету арқылы жолға қойылса, 110 адам зорлықты түрде қысқартылмақ.

Бұл жолғы жұмыс тастау қозғалысында жұмысшылар компанияның жұмысшы қысқарту жоспарын 6 ай тоқтатуды, компания ішіндегі кейбір мәселелерді қатаң тексеруді талап еткен. Ал компания басшылары бұлай істеу алда тағы да үлкен экономикалық шығынға апарып соғады деп қарайды.

Дайындаған: Алшын Матай
Сурет: thetimes.co.uk 

Қ. Қауымбек