Аустралияда 388 метрлік мұнара салынады

Аустралияда 388 метрлік мұнара салынады

Аустралияда оңтүстік жартышардағы ең биік мұнара салынатын болды. Биіктігі 388 метр болатын ғимарат Мельбурн қаласында пайда болады. Онда қонақ үйлермен қатар, ойын-сауық орталықтары орналасады.

Жаңа объектіге Australia 108 деген атау берілді. Жоба авторы - жергілікті Fender Katsaladis сәулет студиясы. Мұнара 297 метрлік Eureka Tower ғимаратына жақын жерде тұрғызылады. Айта кетелік, бұл жобаның да авторы дәл осы Fender Katsaladis компаниясы.

hj

hj

hj

hj

hj

Жаңа құрылыста 108 қабат болады. Алғашында ғимраттың салыну-салынбауы туралы біршама пікірталастар орын алғандығын айта кетелік. Қарсы тарап тым биік мұнара қала көркін бұзады деп уәж айтқан еді. Дегенмен көпшілік дауыспен жоба мақұлданды.

Құрылыс жұмыстары 2018 жылы аяқталмақ. Ғимараттың оңтүстік жарты шардағы ең биік мұнаралық тағдыры ұзаққа созылмайтындығын ескерте кетейік. Дәл осы 2018 жылы Оңтүстік Африка республикасында биіктігі 477 метр болатын Centurion-Symbio City tower объектісі салынып болады.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: www.skyscrapercity.com, www.telegraph.co.uk

Massaget