Суретші махаббаты

Суретші махаббаты

Бұрын герцог сарайы болған Цвейбрюкен қаласы Баварский ханшайымының раушан бақшасымен танымал. Бақшада екі мыңға жуық раушан гүлінің түрі мен олардың 60 мыңнан астам бұтасы бар.



Сондықтан  болар неміс суретшісі Оттмар  Хердің «1.000 Rosen für Zweibrücken» атты (Цвейбрюкенге арналған 100 раушан) жобасының басты «кейіпкері» дәл осы раушан гүлдері болды.



Бір ай бойы қаланың орталық алаңын тірек арқылы симметриялы түрде орналастырылған ашық қызыл түсті раушан гүлдер сәндендіріп тұрды. Осылайша, суретші бавар қаласына және оның тұрғындары мен қонақтарына өзінің махаббатын білдірмекші болған.

 

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: bugaga.ru

Ж. FM