Алдағы он жыл - адамзат тарихындағы ең ыстық кезең

Алдағы он жыл - адамзат тарихындағы ең ыстық кезең

Америка «Ғылым-техника» журналының 7 наурыздағы зерттеу мәлімдемесінде Жер шарының алдағы онжылдық ауа температурасы жайлы айтылды. Бұл мәлімдемені жасаған ғалымдар алдағы он жыл ішінде жер бетінің ауа температурасы 10 мың жылдан бергі ең ыстық мезгілді өткеретінін айтқан. Демек бұл адамзаттың мәдениет тарихындағы ең жоғары температура болмақ.

Зерттеушілер бүкіл Жер шарындағы 73 орыннан жиылған микроорганизмнің тасқа айналған қалдығы мен басқа да санды мәліметтерге сүйене отырып, Жер шарының мұз дәуірі аяқталғаннан кезеңнен бастап қазірге дейінгі 11 мың 300 жылдың тарихи ауа температурасын жүйелеп шыққан.

Бұл зерттеу мәліметінде «Жер шары температурасы U формалы кері айналу дәуірін бастан өткізіп жатыр. Орташа темература өткен 5000 жылдан артық уақыт ішінде 8 Цельсий градус төмендеген. 20 ғасырдың алғашқы онжылдығында 11 мың 300 жылдан бергі ең төмен температураны қалыптастырған. Бірақ өткен бір ғасырда орташа температура айтарлықтай жоғарылады. Жер шарының жан саны ең көп болған солтүстік жарты шарда ауа райының ысуы тіпті тез болып отыр» делінген.

Осы зерттеулерге негізделе отырып, ғалымдар алдағы он жыл ішіндегі тарихта болмаған ең жоғары ауа температурасы қалыптасуы әбден мүмкін дейді. Алдағы он жыл ішіндегі ауа райының өзгерісіне адамзаттың өндірісі мен тұтынуы себепкер болғанын айтады. 

Дайындаған: Алшын Матай

Сурет: unmultimedia.org

Қ. Қауымбек