Орыс офицерінің ар-намыс кодексі

Орыс офицерінің ар-намыс кодексі

Орыс офицерінің ар-намыс кодексін мұрағатта жатқан, ел арасында айтылып жүрген деректерден құрап, furfurmag.ru сайты жазып шығыпты. Әскери өмірдегі қатал талап пен ережеден басқа да жігіттік, рухтылық жайына айтылар сөздерді қосып, 1904 жылы ротмистр Валентин Кульчинский Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін «Советы молодому офицеру» атты еңбегін жазып шығыпты. Жақсының жақсылығын үйренсек артық болмас...

Орындай алмасаң уәде берудің қажеті жоқ.

Абыройыңды сақтап, барынша қарапайым бол.

Абырой мен тәрбие көрсетуді асырамақтаушылықпен шатастырмау керек.

Рапорттар мен хаттарды тек ойланып барып қана жаз. Ашудан емес.

Аузыңа абай бол. Есіңде болсын: менің тілім – менің жауым!

Әрбір нәрсені тойлап, думандата берме. Ол сенің қателігің.

 

 


 

Танып-білмегеніңнің алдында сырыңды айтпа.

Достарыңмен ортада ақша жүрмесін. Ақша достықтың жауы.

Қоғамдық орындарда, көшеде айтылған сындар мен мазақтың бәрін қабылдай берме. Кетіп қал. Сонда ғана даудан құтыласың.

Білместіктен жаман сөз айтпа. Жамандығын білсең де, үндеме.

 

Айтылған кеңесті әрқашан тыңда. Кеңес жарай ма, жарамай ма ол өз ойың. Тыңдай білу де өнер. Тыңдау өз-өзіңе ақыл айтқаннан да жақсы.

Офицердің күші істе емес, сабырлы болуда көрінеді.

Әйелдің алдындағы абыройыңды ешқашан түсіруші болма, мейлі ол қандай әйел болсын.

Өмірде тілмен емес, ақыл-еспен өмір сүретін кездер де болады.

Құпияңды өзге бір адам білсе, ол – құпия емес.

 

 

Әрқашан да дайын бол, босаңсыма.

Дауда әр сөзің жеңіл, ал дәлелің мығым болсын.

Жауыңды көндіруден гөрі сендіргенің дұрыс.

Көпшілік кештерде офицерлердің билеуі ерсі.

Сөз сөйлегенде қол-аяғыңды ербеңдетпе, дауыс көтерме.

 

 

 

Көп адамның ішінде сенің қас жауың болса да, бәріне бірдей амандасуың орынды. Қолыңды ұсынғаның үшін ешкім де сені жауапкершілікке алмайды.

Өз қателігің ғана үйретеді. Бұл өзін-өзі тәрбиелеудің ең басты әдісі. Ештеңе жасамаған адам ғана қателеспейді.

Екі адам бір-бірімен ұрысып жатса – екеуі де кінәлі.

Қоғамдағы беделің біліктілігіңмен көрінеді. Қызметкерлерің айтқаныңды қорыққаннан істемеуі керек, сыйлауы керек. Қорқыныш бар жерде сыйластық емес, қызғаныш пен жеккөрушілік болады.

 

Сенімсіздіктен асқан жаман дүние жоқ. Ең жаман шешімнің өзі жасалмаған шешімнен жақсы. Өткен оралмайды.

Әлдекімнен қорқатын адам емес, ешкімнен қорықпайтын адам ұлы.

Ержүректіліктің ең жақсы бөлігі – абай болу.

Ең қауіпті адасушылық – еш күмән болмайтын кезде болады.

Қарапайымдылық – өзгеден мақтау есту емес, жазғыру мен кінәлау кезіндегі сабырлылығың.

Ақылмен ойлау – көп білгеннен де құндырақ.

 

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: furfurmag.ru

А. Құлтай