Айырылысудың күлкілі себептері

Айырылысудың күлкілі себептері

Ғашық адамдар, өкінішке орай, түрлі себептерге байланысты ажырасып жатады. Мұның себебі ерлі-зайыптылардың мінездері келіспеуі, жұбайынан компьютердің артық болуы, көзге шөп салу немесе ері не әйелі ішімдікке салынып кетуі болуы мүмкін. Дегенмен, ажырасудың кейде түкке тұрмайтын жағдайлардан туындап жататын кездері де бар. Мысалы:

Жапон елінде ерлі-зайыптылардың бірінің ұйқы кезіндегі әдепсіз жатысы айырылысудың себепшісі болуы мүмкін.

АҚШ елінде Бебе есімді әйеліне детектив кітаптарын оқуға кедергі жасағаны үшін Дэниэльсон есімді азамат садист деп танылды. Ол әйелі оқыған әр кітаптың 30-бетіне қылмыскердің атын жазып қояды екен. Әрине, бұдан соң әйеліне детективті әрі қарай оқу қызық емес болған. Жергілікті сот өкілдері аталған істің мән-жайын анық-қанығына жеткен соң, миссис Дэниэльсонға ерімен ажырасу құқығын берген.

Нил Дьюхарт есімді британдық азаматты ажырастырған футбол екен. Нақтырақ айтар болсақ, Нилдің жары автограф қойылған жейдені жуып қойыпты.  Нәтижесінде,  сот Дьюхарттың әйелінің әрекетін вандализм деп бағалаған.

2010 жылы 99 жастағы италиялық азамат 1940 жылдары жарының көңілдесіне жазған махаббат хаттарын тауып алған соң, өзінің 96 жастағы жарымен ажырасуға бел буған.  

Үлкен қарқынмен өткен үйлену тойынан соң италиялық жас жұп шәрбат айын Парижде өткізуді ұйғарады. Бірақ, шәрбат айынан келісімен жары бірден ажырасуға арыз түсірген. Сөйтсе, жұбайы анасын жақсы көретіндігі соншалық, оны өздерімен бірге Парижге алып барыпты.

Мурманск қаласының тұрғыны Андрей Карпов құмар ойында досынан қомақты ақша ұтылып қалған соң, ойынға өз әйелін тігуді ұсынған. Андрейдің досы келісіп, бұл ойында да жеңіске жетеді және ұтысты беруді талап еткен. Ұтылғанның жары болған оқиғаға қатты ашуланғаны соншалық, бірден күйеуміен ажырасып, жеңген адамға тұрмысқа шыққан.

Канада елінде егер күйеуі қатты қорылдап, ұйықтауға мұрша бермесе, әйелі ажырасу үшін шағым білдіруге құқылы.

Бір әйел отызға келгенінде тұрмыс құрыпты. Бірақ, жұбайына жасым 24-те деп өтірік айтқан екен. 10 жыл өте ер адам шындықты біліп, ажырасуды талап еткен екен.

Сауд Арабия елінде күйеуі жарына кофе дайындап бермесе, әйел ажыраса алады.

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: holdemworld.ru, snakenaja.spaceblog.com.br, 

econet.ru, indolog.ru

Ж. FM