Миллионерлердің ұшақтары

Миллионерлердің ұшақтары

Ұшақта отыру – көп адам үшін әлі де бір арман. Бірақ, жұмыс сапары ұшаққа тәуелді адамдар үшін мағынасыз және бей-жай сапар. Соңғы кездері тіпті алаңдаушылық та тудыра бастады. Бірақ қалталы миллионерлер үшін ләззаттану мен қоса демалуға өте қолайлы жағдай.

Жуырда әйгілі фототілші Ник Гладстон жер бетіндегі кей миллионерлердің жеке ұшақтарының суреттерін торда жариялаған. Бұл фототілшінің де ең басты қызығушылығы ұшақтар және олардың ұшу барысы секілді әуе кеңістігі көліктерін суретке түсіру екен.

Дегенмен көптеген қалталылар жеке қауіпсіздігі үшін бұл суреттерді жариялауға қосылмаған. Сондықтан да ол түсірген 90% фотосурет жарияланбайды екен.

Әлемге әйгілі кино жұлдызы Джеки Чан мен Араб әмірлігінің ханзадасы Аль-валид қана жеке ұшақтарының суреттерін жариялауға қарсы болмаған. Ендеше, осы екі миллионердің салтанатты ұшақтарын тамашалаңыз.

Аль-валид ханзаданың ұшағы

Джеки Чанның ұшағы

Дайындаған: Алшын Матай

Сурет: baidu.com

А. Құлтай