Ағаш әлемі

Ағаш әлемі

«Ағаш қиялының» заманауи шебері ретінде венециялық архитектор және мүсінші Ливио Де Маркиді атауға болады. Оның жұмыс істейтін негізгі материалы ағаш, дәлірек айтар болсақ, шие, жаңғақ, қарағай ағаштары. Өз жұмысында ол әдеттегі бұйымдармен шектеліп қалмайды. Орындық, үстел секілді бұйымдардан басқа, ол өте әдемі ағаш киімдер, дастарқан, кітап, қолшатыр, автокөлік және тағы басқа көптеген заттарды жасайды. 

Қашаудың жүздеген түрі мен ескі балға және екі қолдың батылдығы, саусақтарының сезімталдығы арқасында аталған шебер иесі дүниеге ғажап заттарды әкелді. Шамшат жиһаздан бастап, ағаштан жасалған киімдер мен қарағайлы автөліктерге дейін осы кісінің қолынан туған. 

Түпнұсқаларының үйлесімділігіне қарамастан, шебер ешқашан өзнің туындыларын түсті бояумен боямайды екен. Мұны шебер ағаштың табиғи түсінен артық ештеңе жоқ деп түсіндіреді.

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: gazeta.lv, nnm.ru

Ж. FM