Сары алтынның құпиясы

Сары алтынның құпиясы

Бұл Лондон Орталық банксының жерасты сақтау қоймасында сақталған 4600 тонна алтын. Аталған алтынның бір бөлімі өзге мемлекеттердің сақтауға берген алтындары. Қойма кілтінің ұзындығы бір метрден асаса, есігі дауыс толқыны арқылы ашылатын үлкен есіктердің бірегейі екен. Жерасты қоймасы дүниежүзілік 2-соғыс кезінде әуе шабуылынан қорғану үңгірі ретінде де пайдаланылған. Лондон Орталық банкысы Нью-Йоркта орналасқан АҚШ федерациялық орталық сақтық банксынан кейінгі ең үлкен алтын қоры бар банк ретінде қаралады.

Алтын кесектерінде әр елдің өз таңбасы бар. Олар қағаз ақша құнсыздана бастағанда осы сақтаудағы алтындарын өзге елдің құнды қағаздарына алмастырып, экономикалық теңдікті сақтау үшін осы орталыққа қойған. Алтын қоры бір мемлекеттің экономикасының орнықты дамуының кепілі ретінде қарастырылады. Мысалы, 2-дүниежүзілік соғыстан кейін Батыс Германияның көлік жасау саласы қарыштап дамыды. Олар осы негізде көп мөлшерде сары алтын қорын жинаған-ды. «Қырғи қабақтық» дәуірде Шығыс Германия арқылы келетін Кеңес одағының қаупінен қорғану үшін неміс жұрты өзінде бар алтындарды көрші Англия, Франция және алтынды тегін сақтайтын АҚШ орталық банк жүйесіне сақтауға қойған. Қазір Германияның қорында сақталған 3396 тонна алтынның 30%-ы осы елдердің банктерінде сақталып отыр.

Бұл 1968 жылы түсірілген сурет. Нью-Йорк орталық банкы Англияның сары алтындарын тізімге алып жатыр. 

 

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: sennews.com

M. Auelkhan