1 сағат ішінде болған 4 жол апатынан аман қалған: Жүргізуші жігіт өзінің таңғажайып оқиғасын бөлісті

1 сағат ішінде болған 4 жол апатынан аман қалған: Жүргізуші жігіт өзінің таңғажайып оқиғасын бөлісті
Фото: elements.envato.com

32 жастағы Джеймс Холси бір сағат ішінде 4 рет жол апатына түсіп, тек қолдың жеңіл жарақатын алған. 

1-жол апаты
Боранды күні қар басқан жолмен үйіне келе жатқан Джеймс рөлге ие бола алмай қалады. Қарсы беттегі көлікке соқтығыспау үшін, кенет бұрылыс жасап жолдан шығып кетіп тоқтайды. Алдыңғы дөңгелегі жарылады. 

2-жол апаты
Жігіт көліктен шығып, өтіп бара жатқан көліктерді тоқтатуға тырысады. Ондағы ойы — көмек сұрау еді. Дегенмен, көліктен шыға бергенде өзге көлік келіп, соғысады. Холси көлік астында қалады, дегенмен тек қолы ғана жарақаттанады.

3-жол апаты
Екінші көлік иесі, Джеймсті шығарып алып, қолын таңып жатқан кезде тағы бір көлік соғысады. Екі көліктің арасында қалса да Джеймс мүлде жарақат алмайды. 

4-жол апаты
Апат орнына жедел жәрдем көлігі келіп, Джеймсті ауруханаға алып кетеді. Жолда жедел жәрдем көлігіне тағы бір көлік соғысады. "Болған оқиғалардан қалай аман қалғаныма тіпті, дәрігерлердің өзі аң-таң болды" дейді Джеймс. 

Т. Есқали