Кофе дефициті басталды

Кофе дефициті басталды

Әлемде кофеге сұраныс 360 мың тоннаға жетті. 2013 жылы кофенің халықаралық бағамы кем дегенде 3 пайызға дейін өседі дейді «Российская газета». Ал отандық өндірушілер оның бағасын тіпті де өсіруі мүмкін деген болжам бар.

Биыл сұраныс ұсыныс бірлігінен асып кетеді делінеді басылымда. Себебі жаңа кофе плантациясын ашып жатқан ешкім жоқ. Ал 8 жылдан кейін кофе дефициті 2,5 миллион тоннаға дейін жетуі мүмкін екен. Бұл өз кезегінде оның бағасы тіптен өсіп кетуіне алып келеді-мыс.

Қазақстанның климаты кофе плантациясын салуға мүмкіндік бермейтіндігінен, тек өңдеу, сату ісімен ғана шектеліп отыр.

Қазіргі кезде кофе әкелінсе оған салық төленбейді.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: drinkblog.ru

А. Құлтай