Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

Тек сол адам...
Тек сол адам...

Автор: Әсел Асанова

Статус: Редактор

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / Сырлы әлем / Қазаққа бөтен сөздер...

Қазаққа бөтен сөздер...

Қазаққа бөтен сөздер...

Интернет бетінде өзін Exciter stuff деп атаған автор қызықты эксперимент жасапты. Ол орыс тілінде жоқ сөздерді терген. Мәселен, белгілі бір заттың, құбылыстың, іс-әрекеттің атауы шет тілінде болса, ал орыс тілінде жоқ. Тек ұқсас сөз тіркестерімен немесе ұзын-сонар түсіндірме әңгімемен жеткізу арқылы ғана тәржімаға келетін сөздерді біз де өз кезегімізде қазақ тіліне жасап көрелік.

Backpfeifengesicht (неміс тілінде) – Ұруға болатын бет. Қазақта «зәндем» деген сөз бар. Оңбаған, жексұрын деген сөзбен алмастырса болады. Бірақ біз мұнымен адамның жалпы сынына өтіп кеттік. Ал неміс тілінде адамның бет бөлігіне назар аударылады.

Tartle (шотландтық сөз) – ұмытшақтықтың өзге реңкі. Сіз адаммен танысасыз да, лезде оның атын ұмытып қаласыз.

侘寂 (Wabi-Sabi) (жапонша) – Мүмкін еместі мүмкін етіп көру. Мәселен, «жыланның аяғын көрген» деген сөз дәл осы мағынада болуы керек.

Myötähäpeä (фин) – біреу ұятты іс жасап қояды да, ал оның орнына сіз ұялып қаласыз. Мұны тек түсіндіру арқылы ғана танимыз. «Біреу үшін беті күю», «күйіп-пісіп отыру» деген тіркестермен мағыналас болса да, дәл осындай сөз бізде жоқ екен.

Yuputka (Гондурас және Никарагуа үндістерінің тілінде)орманда кетіп бара жатқаныңызда денеңізге бірдеңе тигендей болатын сезім. Мүмкін, қазақтың «түлен түртті ме?» деген сөз тіркесі келіп тұрған шығар. Ал нақты мұндай сөз жоқ.

Rwhe (тсонга тілі, Оңтүстік Африка) мас күйде құлап, ұйықтап қалу.

Cafune (бразилиялық португал тілінің түрі)саусақтарыңмен сүйікті адамның шашын аймалау.

Iktsuarpok (инуиттердің тілі)үйде біреуді сабырсыздана күтіп отырсыз. Ол келмейді. Әдетіңізге салып, терезеден қарап, есікті ашып көріп, жол жаққа алақтай бересіз. Қазақта сабырсызданып күту деп түсіндіріледі.

Desenrascanco (португал тілі) – қиындықтан еш жоспарсыз шыққың келген сәт. Бізде «тыраштану» деген сөз бар. Мүмкін осы келіп қалар?

Lagom (швед тілі) – тым көп емес, тым аз емес, орта деңгей. Десек те, орта деңгей дегеніміз де дәл аударма емес.

Glaswen (ағылшын тілі) – шынайы емес күлкі. Жасанды күлкі. Ағылшындар мұны бір-ақ сөзбен жеткізіпті.

L’esprit d’escalier (француз тілі) – сөйлесіп болған соң бұдан да керемет жауап беруге болатынын ойлау сезімі. Тікелей аудармасы – «сатылы ой». Абайдың «көңілдегі көрікті ой ауыздан шыққанда өңі қашады» деген сөзімен келетін сыңайлы.

Kaelling (дат тілінен)даттықтар көшеде тұрып алып, өз баласына айғайлап жатқан әйелді осылай атайды екен. Ал бізде «бәдік»?

Tingo (паскуал тілі) – досыңның соңғы ақшасын алу. «Тақырға отырғызу» (алдауға жақын) немесе ауызекі сөзде қолданылатын «сыпырып кету» мағынасында жұмсалады.

Sgiomlaireachd (гэл шотланд тілі) – қарның ашта асыңды жегізбей жатқан кезде болатын сезім.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

4279 10
Рейтинг: +3

Дайындаған: Ардақ Құлтай
Қосылған күні: 06 ақпан 2013, 17:14
Пікірлер
+0
06 ақпан 2013, 15:59

Мынау бір қызықты дүние екен. Расымен, қалай атарымызды білмей, дал болып жатамыз ғой. Сөз ойлап табу керек пе деймін )))

+0
06 ақпан 2013, 16:08

Тамаша дүние. Анау мас туралы қазақта болу керек негізі.

+0
06 ақпан 2013, 17:08

Қызық :roll:

+0
06 ақпан 2013, 17:14

Біреу ұятты іс жасап қояды да, ал оның орнына сіз ұялып қаласыз. Орыстың "Кому видно тому стыдносы" ғо :mrgreen:

+0
06 ақпан 2013, 18:22

бадiк- коп сойлейтiн адам емеспе? Баскаша атау койган дурыс-ау :?

+0
07 ақпан 2013, 00:12

He He))

+0
07 ақпан 2013, 00:12

XeXe)

+0
07 ақпан 2013, 00:51

саусақтарыңмен сүйікті адамның шашын аймалау. баска немен аималаиды екен хихи :mrgreen:

+0
07 ақпан 2013, 10:47

хе хе)))

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...