Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Сырлы әлем / Шегіргүлдерге арналған мереке

Шегіргүлдерге арналған мереке

Шегіргүлдерге арналған мереке

Бүгін, яғни ақпан айының төртінші жұлдызы күні Францияның Тулуз қаласында дәстүрлі "Шегіргүлдер фестивалі" өтіп жатыр. Алғашында қала көлемінде тойланған мереке мемлекеттік деңгейге көтеріліп, кейіннен халықаралық дәрежеде ұйымдастырылатын болды. Фестивальға әлемнің түкпір-түкпірінен адамдар қонаққа келіп, шегіргүлге деген махаббаттарын паш етеді. Тулузаны "алқызыл қала" немесе "шегіргүлдер (фиалка) астанасы" деп бекер атамайды. Өйткені, басқа еш жерде осы бір сұлу гүлдерге мұншама ілтипат, мұншама құрмет көрсетілген емес. Фестивальдің француздық атауы -  Toulouse Violet Festival.

Шегіргүлдердің халықаралық астанасындағы қонақ үйлер ендігі толып қалды. Қатысушылар немесе жәй ғана туристер алдын ала тапсырыс бермесе, баспанасыз қалады. Мұндай жағдайлар болған.

Ал мұндағы гүлдер шеруін көрген де арманда, көрмеген де арманда! Сондай-ақ мереке күні қала ғимараттарында шегіргүлсүйгіштерге арналған семинарлар мен конференциялар ұйымдастырылады. Франция, Италия, Швейцария, Венгрия, Жапония, Қытай, Аустралия, АҚШ сынды алпауыт елдерден арнайы келген ғалымдар, ботаниктер, гүл өсірушілер, агрономдар, өндіріс орындарының басшылары бір ортаға жиналып, өзара тәжірибе алмасады.
 
Фестивальдің ең қызықты сәті - шегіргүлдер сайысы. Сондай-ақ гүлдер көрмесі мен жәрмеңкесін, гүлдердің қатысуымен өтетін ойын-сауықтарды, көңілді би кештерін қызықтап, көңіл көтеруге болады.
Суреттер: kulturologia.ru,bigpicture.ru

Дайындаған:Айгерім Сматуллаева
 
1738 1
Рейтинг: +1

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 04 ақпан 2013, 10:31
Пікірлер
+0
04 ақпан 2013, 14:13

мен де "Мейіргүлге" деп оқып қаппын ;)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...