15 ақпанда Жер шарына қауіп бар

15 ақпанда Жер шарына қауіп бар

Еуропа ғарыш агенттігінің дерегіне сүйенсек, 15 ақпанда Жер шарына кішкентай планета жақындауы мүмкін екен. Адамзат мекенімен ара қашықтығы 20 мың ағылшын милі, яғни, 32 километр. Ғарыш мамандарының мәлімдеуінше планетаның 40-50 метр, Жер шарының күнді айналу жылдамдығымен салыстырғанда 6,3 км/секунд болатындығы нақтыланған. Орбита көлемін есептеу нәтижесі осы кішкентай «көршінің» Жер шарымен соғылу қаупінің жоқ екендігін көрсетіп отыр.

Бірақ, осындай «шақырылмаған қонақтардың» жиілеуі соңғы жылдары адамзат мекеніне қатер төндіруде дейді мамандар. Олардың айтуынша, аталған кішкентай планетаның жерді жанап өту барысы олар үшін ғарыш саласындағы осындай жағдайларды зерттеуге таптырмас орай екен. Бұл аспан денесінің өткен жылдың 22 ақпанында байқалып, осы күнге дейін зерттелгендегі себепті оның атын 2012 DA14 деп атаған.

Ғарыш саласында аты шыққан Испан елінің Ласа Латен астрономия орталығы зерттеушілерінің мәлімдеуінше, кішкентай «қонақ» 2013 жылдың 15 ақпанында жердің батыс-оңтүстігінен шығыс-солтүстікке қарай жанап өтеді екен.

 

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: sc.com

M. Auelkhan