Ирандық маймыл ғарышқа аттанды

Ирандық маймыл ғарышқа аттанды

Иран ғарыш агенттігінің мамандары ішінде маймылы бар арнайы капсуланы ғарышқа аттандырды. Бұл старт ирандық алғашқы ғарышкерді орбитаға аттандыру бағдарламасы аясында жүзеге асырылды. Pishgam ("Пионер") деп аталған капсула 28 қаңтар күні ұшырылып, қазірдің өзінде аппараттың Жерге сәтті қонғаны белгілі болып отыр. Ал "ғарышкер" маймылдың тағдыры әзірге белгісіз.  

Айта кетейік, Иран осыған дейін де ғарышқа жануарлар мен жәндіктерді ұшырып келген еді. Мысалы, 2010 жылы ирандық мамандардың арқасында Kavoshgar-3 зымыранымен ғарышқа тасбақа мен егеуқұйрық саяхаттап қайтқан болатын.   

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: zhelezyaka.com

Б. Қосмағамбет