Азияның өз Нобель сыйлығы болады

Азияның өз Нобель сыйлығы болады

Тайвань миллиардері Азияның өз Нобель сыйлығын беретін болды. Сыйлықтың аты – «Танг», деп хабарлайды «Интерфакс».

Айта кетсек, Сэмуэль Инь әлемдегі ең бай адамдардың санатында. Ол Ruentex Group компаниясының басшысы. «Бұл сыйлық әлемге пайда әкелетін зерттеулер тудырады деп сенемін. Әлемді жақсартып, Қытай мәдениетін жандандырады деп ойлаймын» дейді бизнесмен.

Премияның қорына ол тура 101 миллион қаржы аударған. Ендігіде сыйлық 2 жыл сайын дәстүрлі түрде беріліп отырады. Ең бірінші марапаттау 2014 жылы тұрақты даму, биофармацевтика, қытайтану, тәртіп аталымдары бойынша беріліп басталады.

Премияны барлық ел азаматтары ала алады. Әр аталым бойынша лауреат атанған ғалым 1,7 миллион доллар сыйақы алатын болады. Айта кетсек, Нобель сыйлығының лауреаттары 1,2 миллион ғана қаржы алады.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: rian.ru

А. Құлтай