Африка құрлығындағы ең бай әйел

Африка құрлығындағы ең бай әйел

Жақында «Forbes» журналы әлемдегі ең ірі байлардың тізімін жариялады. Бұл тізім бойынша, Африка құрлығындағы ең ірі миллионер болып Ангола мемлекеті президентінің қызы Изабель Душ Сантуш бағаланды. Ол бірнеше Португалия компаниясының жарна үлесін сатып алған. Одан бөлек, Ангола еліндегі ең ірі банктың иегері. Жалпы мал-мүлкі 1 миллиард доллардан асады.

Биыл 40 жасқа толған Изабель Ангола президенті Жозе Эдуарду душ Сантуштың үлкен қызы. Әкесі Ангола мемлекетінің президенті болып 1979 жылы таққа отырған. Ангола мемлекеті әлемдегі ең ірі мұнай өндіретін ел болып табылады. 19 миллион халқы бар, экономикасы күннен-күнге гүлденіп келе жатқан ел халықаралық компанияларды өзіне баурауда.

Изабель Душ Сантуш Англияның «Лондон патша әулеті» институтын бітірген. 24 жасынан бастап жеке компания құрған. Ең алғашқы саудасын мейрамхана ашудан бастап, бірнеше ірі компанияның тізгінін қолына ұстаған. Бұдан бөлек көптеген қайырымдылық қорын құрып, Африкадағы жетім балаларға көмектескен.

Дайындаған: Алшын Матай

Сурет: article.wn.com

Қ. Қауымбек