Гонорары миллион долларлық тұңғыш супермодель: Хемингуэйдің немересі неге өзіне қол жұмсады?

Гонорары миллион долларлық тұңғыш супермодель: Хемингуэйдің немересі неге өзіне қол жұмсады?

Әйгілі жазушы Эрнест Хемингуэйдің немересі мансабын Американың провинциялық қалашығында қарапайым PR-агенттен бастап, адам сенгісіз жетістікке қол жеткізді. Алайда, атасына ұқсап ол да 42 жасында өз-өзіне қол жұмсады.

Канонға сай сұлулық, талант, атақ, даңқ, мықты днк-ға иелік ететін Марго Хемингуэй Нью-Йоркте нағыз аңызға айналды. Ол миллион долларлық келісім-шартқа қол қойған әлемдегі алғашқы супермодель болды. Барлық көрнекті жылтыр басылымдардың мұқабаларындағы бейнесі, фильмдегі рөлдер, атақ пен ақша... Бірақ оның өмірінің қайғылы аяқталуынан мұның бірі құтқара алмады. Біз әйгілі атасының тағдырын қайталаған америкалық классиктің немересі туралы баяндаймыз.

Марго Луиза Хемингуэй 1954 жылы 16 ақпанда Портлендте атақты америкалық жазушы Эрнест Хемингуэйдің үлкен ұлы Джек Хемингуэй мен келіні Байра Луиза отбасында дүниеге келген. Маргодан басқа, ерлі-зайыптылардың Джоан мен Мариэль есімді тағы екі қызы болды.

Маргоның бала кезінде отбасы Эрнест Хемингуэйдің сүйікті мекеніне айналған Кубаға көшу туралы шешім қабылдады. Гаванадағы әйгілі үйінде Байра мен Джек қыздарымен бірге бірнеше жыл бақытты өмір сүрді, содан кейін олар қайтадан орнын ауыстырып, Сан-Францискоға көшті, одан әрі Айдахо провинциясының Кетчам қаласына қоныстанды, онда жазушының сүйікті фермасы орналасқан.

«Бала кезінен ол өте ашық және көңілді болды. Ол сондай жылы жүзді еді, бәрі онымен дос болуды армандады », - деп жазды кейінірек оның әпкесі Марго туралы.

Мектеп бітіргеннен кейін Хемингуэйдің немересі жергілікті шағын фирмаға PR-агент болып жұмысқа орналасты, бірақ бұл қызмет оның арманы емес еді.

Оның әкесі Нью-Йоркте іссапармен жиі болатын және сондай сапарлардың бірінде ол Марготы өзімен бірге алып барды. Олар атақты Plaza қонақүйінде тұрған күндердің бірінде болашақ подиум жұлдызы табысты бизнесмен және фастфуд мейрамханалары желісінің мұрагері Эррол Уотсонды кездестірді. Көп ұзамай олардың романтикасы қарқын ала бастады және бірнеше ай ішінде Марго Нью-Йорктегі 72-ші көшедегі пәтеріне көшті.

Нью-Йорк богемасы шеңберіне танымал Уотсон өзінің сүйіктісін Америкадағы сән және өнер әлемінің ең құрметті өкілдерімен таныстырды. 19 жасар қыз осы ортада болғанына өте қуанышты еді, бірақ үлкен қаланың жылтырағына төтеп бере алмады. Кейін алкоголь мен есірткі пайдалана бастады.

Көп ұзамай Марго Уотсонға тұрмысқа шықты. Бір күні күйеуі Revlon косметикалық компаниясының мұрагері Джон Ревсон досына брендтің жаңа жарнамалық компаниясы үшін Маргомен келісімшартқа отыруды ұсынады. Сұлуды Faberge брендінің өкілдері де байқады, ал бірнеше айдан кейін қыз Babe жаңа парфюмерия брендінің бет-бейнесі болды. Бұл үлкен жетістік еді. Марго рекордтық бір миллион долларға келісімшартқа отырған алғашқы модель атанды.

Сәтті дебюттен кейін америкалық классиктің немересі культтік сән журналдарының мұқабаларында жиі көріне бастады.Elle, Cosmopolitan, Vogue сияқты басылымдармен жұмыс жасады.Times апталығының беттерінде оны «жаңа ұрпақтың келбеті» және «Нью-Йорктің жаңа супермоделі» деп жазды.

1976 жылы Марго өзін жаңа рөлде сынап көруді шешті және «Ерін далабы» фильмінде басты рөлді сомдады. Көп ұзамай сол кездегі ең танымал актрисалардың біріне айналды.

1978 жылы супермодельдің некесі бұзылды. Оның айтуынша, Уотсон «мансап құруына кедергі келтірген». Замандастарының айтуынша, Марго өзінің жеке өмірі мен мансабындағы сәтсіздіктерге алаңдамайтындай кейіп танытуды жөн көрді. Ол іс-шараларға күлімсіреп келгенімен, есірткі шегіп қайтатын.

Ажырасқаннан кейін бір жыл өткен соң Хемингуэй қайтадан тұрмыс құрып, Парижге көшті – оның жаңа таңдауы Венесуэладан келген режиссер Бернард Фушер болды. Алты жылдан кейін ерлі-зайыптылар ажырасып, Марго депрессияға түсті.

Оның жағдайын денсаулығына байланысты қиындай түсті. 1984 жылы модель Австрияда шаңғы тебу кезінде ауыр жарақат алып, қалпына келтіру кезеңі тоғыз айға созылды. Осы уақыт ішінде Марго 35 келіге дейін арықтады, бұл оның модельдік мансабына нүкте қойды.

Бұл Хемингуэйдің өміріндегі бетбұрыс болды. Атақ-даңқтың әлсіреуі, жеке өміріндегі сәтсіздіктер және ақшаның жетіспеушілігі Маргоны ауыр депрессия түсірді.

People журналына берген сұхбатында Хемингуэй өзінің қиын балалық шағына байланысты бала кезінен депрессия  және басқа да психикалық бұзылулардан зардап шеккенін айтты. Ал отбасы бұған қатысты: «Ол үнемі өтірік айтады. Біз онымен екі жыл сөйлескен жоқпыз. Біздің бүкіл отбасымыз онымен байланысқысы келмейді. Оның есейіп, өз қиыншылықтары үшін жауапкершілікті өз қолына алатын уақыты келді»- деген екен.

1996 жылы 1 шілдеде Марго Луиза Хемингуэй Санта-Моникадағы пәтерінде өз-өзіне қол жұмсады. Маргоның туыстары ұзақ уақыт бойы тергеудің ресми нұсқасына сенбей, өлім себебін жазатайым оқиға деп есептеді.

Алайда 2015 жылы әпкесі Мариэль өзінің естеліктерін жариялады, онда қайтыс болған модельдің сөздерінің шынайылығы расталған:«Біздің балалық шағымыз өте қиын болды. Әкем мен шешем маскүнем еді, жанжал шығарып, айғайлап, ұрсысатын. Бұл дұрыс емес екенін енді ғана түсіндім, олай болмауы керек. Марго дұрыс айтты».

Хемингуэйдің денесі Кетчам зиратындағы отбасылық учаскеде жерленді және еске алу рәсімі кезінде супермодельдің достарының бірі: «Мен реинкарнацияға сенемін. Ол қайтыс болғаннан кейін, Африканың бір жерінде Маргоның көзімен және жылы жүрегін иеленген әдемі гепард пайда болған шығар» - депті.

А. Оралқызы