Хэллоуин мерекесін тойлау қай уақытта басталған?

Хэллоуин мерекесін тойлау қай уақытта басталған?
Фото: envato.com

Хэллоуин тарихы 2000 жыл бұрын кельт тайпасынан бастау алады. Олар қазіргі Англия, Ирландия, Шотландия мен Солтүстік Франция аймағын мекендеген.

Кельттер дәстүр бойынша 31 қазан мен 1 қараша аралығында өлім құдайына бас иген. Сол түні құдай өткен жылы қайтыс болған адамдардың жанын жинау үшін келеді деп сенген.

@massaget.kz #хэллоуин#halloween#тарихы#история#дінимереке#религия#кельт#рек#хочуврек#тыква#асқабақ ♬ оригинальный звук - Massaget.kz

Дәл осы уақытта Ежелгі Римдіктер Помона құдайың құрметіне  мереке жасаған. Помона құнарлық құдайы саналған. Оны құрметтеу елдегі молшылықтың кепілі деп есептелген. Кейін Римдіктер кельттерді жаулап алады. Сол кезде екі өркениетке тән мереке бірігеді. Осылайша "Барлық Әулиелер күні" пайда болады.

Мереке XVI ғасырда ғана Хэллоуин аталады. Ол All Hallows Even сөзінен шыққан. Оны "барлық Әулиелер күні қарсаңындағы кеш" деп аударуға болады. 

Бүгінде Хэллоуин діни санатқа жатпайды. Батыс елдерінде бұл отбасылық мереке ретінде аталып өтіледі. Әрбір үй ауласын безендіріп, түрлі костюм киіп, көшеге шығады.

Т. Есқали