Жапондықтар үй құлатудың тиімді әдісін тапты

Жапондықтар үй құлатудың тиімді әдісін тапты

Мұндайды ешкім көрмеген. Ғимараттарды жермен-жексен етудің ең тиімді әдісі туралы Жапонияның Taisei корпорациясы ұсыныпты. Олар Токиодағы ең биік делінген ғимараттың демонтаж жұмыстарын бастап кетті.

Ғимараттың бұзылып жатқанын сіз бір қарағаннан байқамайсыз да. Егер ғимарат биіктігі 100 метрден асатын болса, оны бұзу бүгінге дейін мүмкін емес делініп келген еді. Жапонияда осы әдіс арқылы келер 10 жылдың ішінде көптеген зәулім үйлер бұзылатын болған.

Мұндай әдіс арқылы үй бұзу ешқандай да шу мен шаң шығармайды. Себебі демонтаж жұмыстары ғимарат ішінен жасалады. Олар бұған дейін Grand Prince Hotel Akasaka деп аталатын 140 метрлі ғимаратты бұзып үлгерген. Жалпы әлемде 100 метрден асатын ғимараттар 30-40 жылға арналған болса, Жапониядағы «аспан-үйлер» 10 жылға ғана шыдас беретін көрінеді. Сондықтан да олар мұндай әдісті табуы керек болған.

Аталған әдіс 2008 жылы-ақ басталып кеткен екен. Десе де, қазіргідей нәтиже 4 жыл бойында шыға қоймаған. Бұзудан шығатын шаң 90 пайызға азайған. Бір үйді мұндай әдіс арқылы 2-3 күннің ішінде жоқ қылуға болады-мыс.

Ендеше, таныс болыңыз, бұл әдіс – Tecorep деп аталады.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: blogs.artinfo.com

А. Құлтай