Лоторея тарихындағы сұмдық оқиғалар

Лоторея тарихындағы сұмдық оқиғалар

2000 жылы Иллинойс және Мичиган штаттарының екі ойыншысы лоторея ойыны арқылы 363 миллион долларын жеңіп алды. Ұтыс билеті екеу болғандықтан, берілетін ұтыс көлемі де екіге тең бөлінген. Миллионер атанғандардың бірі Лансинг қалашығының тумасы Ларри Росстың айтуынша, ол ешқашан лотерея ойындарының әуесқойы болмаған. Әдеттегі күндердің бірінде жол бойында сатылып тұрған құны 2 долларлық хот-догтан дәм татуды шешеді. Қалтасында ұсақ тиыны болмаған ол сатушыға 100 долларлық купюраны ұсынған, ал өз кезегінде сатушының 100 доллардан қайырып берер ақшасы болмайды. Біраз уақытын сатушымен жанжалдасуға жұмсаған Ларри ақырында мәселені шешудің жолын табады: жақын маңдағы дүкеншелердің бірінен 98 дана лотерея билетін сатып алған. 

Ұлттық лотерея ойынында 18,9 миллион фунт стерлингті құрайтын үш еселік джекпот жеңіп алған Ұлыбритания елінің азаматы өз ұтысын алуға келмеген. Айта кетсек, аталған үш еселік джекпот ұтысы лотерея тарихының соңғы 13 жылындағы ең көлемдісі болған. Бұған дейін үш еселік джекпот ұтысы бар болғаны төрт-ақ рет берілген екен.
 

2002 жылдың желтоқсан айында АҚШ елінің тұрғыны Джек Уиттэйкер лотерея ойнау арқылы 314,9 миллион доллар ұтып алды. Алайда, сол сәттен бастап Джек көптеген қайғылы күндерді бастан кешірген. 59 жастағы Джекті екі рет тонап кеткен және де ол екі рет айыпқа тартылды. Бірі бұзақылық үшін болса, екіншісі, мас күйде көлік құралын басқарғаны үшін. Одан қалса, полиция қызметкерлері байғұс миллионердің үйінен есірткі салдарынан көз жұмған немересінің құрбысының денесін табады. Ал екі-үш ай өте дәл сол себептермен 17 жастағы Джектің немересі өмірден озған. Сонымен қатар, Атлантик-Сити қаласындағы орналасқан казиноның әкімшілігі Джек аталған мекемеге 1,5 миллион доллар қарыз деген айыппен Джекті сотқа берген екен. Миллионер осы оқиғалардан соң лотереядан жеңіске жеткеніне де қатты қапаланады-мыс. Ал оның жары «сәтті» билетті ұтысты алмастан бұрын жыртып тастау керек еді", - дейді өкінішпен.
 
2004 жылдың қараша айында Хуан Родригес есімді ер азамат лотерея ойынынан 149 миллион доллардың жеңімпазы атанды. Бұған дейін 49 жастағы Колумбиялық эмигрант, Нью-Йорк қаласындағы автотұрақтардың бірінде жай ғана қарауыл ретінде қызмет атқарып келіпті. Ақша жоқ. Жұмыссыз әйелінің күн сайынғы айқай-шуы. Оған қоса, банкке төлеуі керек қарызы 44 мың долларға жеткенде, қатты қажыған Хуан Родригес қалтасындағы соңғы долларға лотерея сатып алған. Нәтижесінде жеңіске жетті. Алайда, лотерея ойындарынан 10 күн өткеннен соң жары Ирис жұбайымен неке бұзып, оның ұтып алған ақшасының жартысын тартып алуға бел буады. Соттың жұбайы несімен жақпады деген сұрағына әйел: «ол бұдан да көбірек жеңуіне болар еді», -деп жауап берген екен.
 
Айта кетсек, отандық лоторея ойындарында ең ірі ұтыс 100 миллион болып есептеледі. Аталған соманы Астана қаласының тұрғыны 2012 жылдың соңында жеңіп алған болатын. Алайда, еліміздің ең сәтті адамы әлі күнге дейін белгісіз қалып отыр.

 Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: sidhastings.com

Қ. Қауымбек