Ең биік аспалы көпір

Ең биік аспалы көпір

Егер сіз қысқы демалысыңызды мәңгі естен кетпестей биіктікте өткізгіңіз келсе, Швейцарияға аттаныңыз! Өйткені таяуда Энгельберг  атты танымал таушаңғылық шипажайында әлемдегі ең биік аспалы көпірдің ашылуы өтті. Titlis Cliff Walk көпірі теңіз деңгейінен 3000 метр биіктікте орналасқан.

Ол өзінің атауын Титлис тауының құрметіне иемденді.

Құрылысты толықтай аяқтау үшін жұмысшыларға төрт ай уақыт қажет болған. Жобаның жалпы құны – 1,5 млн. доллар.

Көпір бір мезгілде 500 келушіні көтеріп тұра алады. Және қатты соққан жел мен аса қатерлі дауылдарға төтеп беру мүмкіндігі бар.

Суреттер:kulturologia.ru, vk.com

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева