Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / Сырлы әлем / Керікпен бір күніңізді өткізуге қалай қарайсыз?

Керікпен бір күніңізді өткізуге қалай қарайсыз?

Керікпен бір күніңізді өткізуге қалай қарайсыз?

Кениялық Giraffe Manor қонақ үйі - жан мен тән тыныштығын ғана емес, тірі табиғатпен ғажап қарым-қатынасты сыйлайтын Жер шарындағы бірден-бір мекен. Бұлай дейтініміз, ғимарат бірнеше жылдардан бері құрып кетуге шақ қалып тұрған керіктерге пана болып келеді. Уақытша тұрғындар әр таң сайын ерекше көріністің куәгері бола алады: қонақ үй ауласына еркін жіберілген керіктер еш жатырқамастан есік пен терезеден үңіледі.

Қонақ үй терезелері мен есіктері әрқашан ашық. Басын сұққан керім керіктерге тағам ұсынып, суретке түсуге әбден болады.

Бұл жай Дэвид Дунканның бастамасымен 1962 жылы Кенияның астанасына таяу маңдағы Найроби қаласында тұрғызылған болатын. 1960 жылдары үйдің қожайындары бірнеше рет өзгерді. Ақырында, 1974 жылы шотландиялық Джок Лесли-Мелвил есімді шаруа мен оның Бетти есімді америкалық әйелі бұл ғимаратты сатып алады. Аз уақыт өткен соң Лесли-Мелвил жоғалып бара жатқан жабайы жануарлардың африкалық қорын құрады.

Ерлі-зайыптылар алғашында керіктің екі баласын асырып алған болса, бірнеше жылдардан кейін олардың саны көбейеді.

Giraffe Manor-да тұрғындарды қабылдап, қонақ үйге айналдыру туралы ой Беттидің басына күйеуі қайтыс болған соң ғана келген. Бүгінде ол Африка жеріне аяқ басқан туристердің соқпай кетпейтін мекеніне айналып үлгерді. Қонақ үйде алты ғана бөлме бар болғандықтан, керіктермен ашық қарым-қатынас жасау екінің бірінің басына беріле бермейтін мүмкіндік.

Қонақ үй қызметкерлерінің айтуынша, саяхатшылардың Giraffe Manor-ды ұнататындығы соншалықты, олар қайта айналып бірнеше рет келеді екен.

Күлімдеген күн мен тамаша табиғат құшағында таңғажайып жануарлармен өмір сүрген расымен де керемет емес пе?

Суреттер: ketejeva.blogspot.com,wpapers.ru,dic.academic.ru,bse.sci-lib.com

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

2081 8
Рейтинг: +2

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 09 қаңтар 2013, 12:04
Пікірлер
+0
09 қаңтар 2013, 12:55

Рахмет. Өткізбейтін едім

+0
09 қаңтар 2013, 13:09

:o

+0
09 қаңтар 2013, 14:01

Рахмет, керек емес дер ем)

+0
09 қаңтар 2013, 15:38

қорқынышты сияқты ғо)

+0
09 қаңтар 2013, 15:53

Қорқынышты

+0
09 қаңтар 2013, 15:57

Қорқамын!!!!!

+0
09 қаңтар 2013, 17:09

керекмет кой мынау !)

+0
10 қаңтар 2013, 02:23

мынау дегенин кереметтин кереметтин керемити го

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...