Қай елдің азаматтары ең жас?

Қай елдің азаматтары ең жас?

Соңғы жылдары әлем елдерін салыстыру білімділік деңгейін, адамдардың орташа жас мөлшерін және басты қажеттіктерін өтеу сапасын қамтитын адамдық даму индексі арқылы жүргізілетін болды. Массагет оқырмандары назарында әлем экономикасындағы жетекші елдер туралы мәліметтер.

АҚШ

Дамыған мемлекеттер арасында АҚШ-тың орташа жас мөлшері ең төмен. Экономикасының күн сайын құлдырауына қарамастан, 2,1%-дық туу мөлшері мен әлемнің әр түкпірінен келіп қоныстанушылардың артуымен Америка ұзақ уақыт орта жастары көм ел ретінде дәурені жүретін болады. Сонымен бірге, халықаралық аренада ондаған жылдар бойына бәсекелестік қуаты күшті ел ретінде қалып қояды. Дегенмен, АҚШ орта буржуазия тұтыну өресі төмендейтін болады.

Қытай

Қытайлықтар әлі «кәрілер» қатарына ене қойған жоқ. Жас жұмыс күштері мен жаңадан дамып келе жатқан сауда саласы әлемнің өндіріс күші мен капиталын өзіне тарту үстінде. Тұтыну қуаты да әлемнің алдыңғы қатарында. Бәрі бірдей, қытай болашақта жаппай кәрілену мәселесіне дөп келмей қоймайды. 2030 жылға барғанда қытайдың орташа жас мөлшері 42,5-ға жетеді екен. Бұл үрдістің неден дерек беретіні жалпыға аян.

Үндістан

Үнділіктер – ең жастары. Олардың қазіргі орташа жасы 25,1. Бұл деген сөз, үнді жұрты болашақта Қытайды басып озады дегенмен бірдей. 2030-ға барғанда үнді халқы 10 жасқа қартайды деген күннің өзінде отызында орда бұзар жасқа жетеді. Мол еңбеккүш бәрін еңсереді. Бірақ, табиғат, орта, кен байлығы, әлеуметтік жол сынды түрлі жақтан келген қысымды орнымен шешпесе бір милларды екі еселеуге аяқ басып бара жатқан алып халық тоқырауға қарай бет алады десек артық болмайды.

Жапония

Халқының сүйегі қаусап, қалт-құлт етіп әрең жүрген бір ел бар, сол ел – Жапония елі. 2030-да олардың орташа жас мөлшері 50-ден асады екен. Елдегі кәрілер саны жалпы жан санының 50% ұстайды. Зейнетке шығатын отбасы мүшелері санының артуына байланысты арал елінде жиналған байлықтың азаюы мен тіпті кері қарай артуы да мүмкін екен.

Ресей

Туылу мөлшерінің төмендеуіне өлім жағдайының артуын қоссаңыз, орыс жұртының қасіреті бүлк ете түспек. Орыс жұрты 2030-ға барғанда орташа 43,3 жасқа жетпек. Путин әкімшілігінің де ең үлкен кедергісі дәл осы мәселе екенінде дау жоқ. Ел үкіметі GDP-дың ¼ бөлігін дәл осы жан санының өсуіне арнап отыр. Әрине, аталған жағдайдың Ресей экономикасының тепе-теңдігіне әсер етпей қоймайтыны да белгілі.

Мексика

XXI ғасырдың басы – Мексика елі үшін жастық шақ десек артық айтқандық болмас. Орташа 26, 6 жастар олар. Әлемдегі жан-саны ең көп қала ретінде ел астанасы Мехико қаласы(19, 7 млн адам) екенін ескерсек, келесі жарты ғасыр – мемлекет жан санының артуына байланысты Мексика GDP-ы 4, 8% көрсеткіш бойынша артуы және халқын жұмыспен қамтуы керек болады. Олай болмағанда, испандар мен үндістердің некесінен тараған жұрттың жағдайы мүшкіл болмақ.

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы 

Сурет: wikipedia.org

M. Auelkhan