Gangnam Style: құпия мен қорқыныш

Gangnam Style: құпия мен қорқыныш

Корея. Тектен-текке бастығынан сөз естіген қызметкердің ең дұрыс шешімі жұмыс үстелінің алдына келіп Youtube-тан PSY шырқаған «Gangnam Style» әнін естіп өз-өзін жұбату болмақ.

«Gangnam Style» Кореялықтардың «Жібек әтеш» қиялын баяндаған. «Жібек әтеш» біздің түсінуімізше «Алма піс, аузыма түс» дегенге сайса керек.

Бүкіл әлем халқының бұл әнді өле сүйгені соншалық, тарихта болмаған рекордтарды жаратты. Қысқа ғана 4 ай ішінде бір миллиард реттен астам қаралып үлгерген және БҰҰ басшылары PSY мен бірге атша биледі.

Қалай айтсақ та бұл ән әлем жұртшылығына қуаныш пен шаттық сыйлады. Бірақ, біз бұл әнге тек ән ретінде емес, экономикалық тұрғыдан көз жіберсек, үлкен қорқынышпен, адамзатқа төніп тұрған қауіппен бетпе-бет келгенімізді білер едік.

Бұл үрей мен қорқыныштың аты – бүкіл адамзатты бұғаулаған қаржылық қиыншылық пен көзден бұлбұл ұшып бара жатқан баю қиялы болатын.

BBC зерттеулерінің нәтижесі көрсетуінше қаржылық қиыншылықтар мен адамдар арасындағы экономикаға қатысты түрлі алып-қашпа әңгімелерден және осы қиыншылықтар алдындағы дәрменсіздіктен қашудың жалғыз-ақ жолы күлкі, яғни, дәл «Gangnam Style» бейнебаянында көрсетілгендей теңіз жағасында демалып жатсаңыз, сізді сұлу қыздар желпіп тұрса, мейлі сіз балалар бақшасы жақта жүрсеңіз де сұлулар ол жақта да пайда бола кетсе, көше басбұзарларының атаманы болсаңыз, ол жақта да қалағаныңыз болса; ат мінгіңіз келсе, аттай болып билеп жүре берсеңіз... ессіз қиял жетегіндегі кісінің бәрін ұмытып, сандырақтай бастауы тектес дүниелер.

Шотландияда «Tht Stand» деп аталатын Еуропаға танымал клуб жұмыс істейді. BBC-ге берген сұхбаттарында сондағы үйлестірушілер қаржы дағдарысы туралы әңгімелер басталысымен және қаржы дағдарысы кезінде өздерінің жұмыстары қатты жанданғанын айтады.

Бұл жағдайды Қазақ елінен де байқау қиын емес. Дағдарыс көбейген сайын әзіл-ысқақ театрлары көбейіп, көңіл ашу орындары мен бағдарламалар қаптап кетті. «Сұраныс болмаса, тұтынушы болмаса экономикалық заңдылық бойынша тауар өнірілмейтіні» сияқты елде сұраныс болғаннан кейін ғана бұл үрдіс белең алды.

Экономикада Дисней құбылысы деген термин қалыптасқан. Бұл құбылыста жұмыссыздар көбейген сайын, демалыс уақыты ұзарып, Диснейге ағылатындар саны арта береді. Керісінше, экономика даму үстінде болса, халықтың қызық қуып, Диснейге барар уақыты жоқ. Дисней құрушысы Уолт Дисней 1933 жылы «Үш торай» мультфильмін түсіріп заманында ақшаны күреп алған алпауыттардың біріне айналған-ды.

Кореяда шынымен де экономикалық дағдарыс жүруде. Өткен жылғы инфляция тарихта болмаған деңгейге жетіп, «Азия» даму банкінің көрсетуінше, оңтүстік, шығыс азия елдерінің даму көрсеткіші 7,2% -дан 6.1%-ға төмендеген. Дәл осы мәлімдеме жасалған кезде Кореяда «Gangnam Style»-дың дәурені жүре бастаған. Ән әлем назарына ілікті. Қазақ жұрты да бұл дүрмектен қалған жоқ, Алматыдағы клубтар мен көліктерден «Oppa gangnam style» деген әуен жаңғырығып тұрды. Әзіл сүйгіш, той тойлағыш біздің елге бұл үрдіс, әрине, жат емес. Дегенмен келесі уақытта, 2013 жылан жылы сіздерге тойлату мен атша билеуге мұрса бермей, қарбаластықпен өтіңіздер деген тілек айтамыз.

Авторы: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: Автор өңдеуінде

M. Auelkhan