Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Сырлы әлем / Әлемдегі тұрмыс деңгейі өте жоғары он қала

Әлемдегі тұрмыс деңгейі өте жоғары он қала

Әлемдегі тұрмыс деңгейі өте жоғары он қала

Жер жүзіндегі қай қалада тұрған жақсы? Қай қала жанға рахат сыйлайды? Қай шаһар әрдайым көңіл-күйдің жоғары болуына ықпал етеді?

Батыстың өмір сүру үлгісімен тіршілік ету сәнге айналғандай. Көпшілік қауым Жерұйық іздеген Асан қайғы бабамыз секілді жақсы жұмыс пен уайым-қайғысыз өмір сүру үшін өзге қалаларға жол тартып жатады. «Mercer Human Resource Consulting Company» халықаралық зерттеу компаниясы әлемнің әрбір қаласын зерттеп, тұрмыс деңгейі өте жоғары деп мына он қаланы таныды.


Цюрих – Швейцарияның көне қалаларының бірі. Жергілікті халықтың тұрмыс деңгейі, әлеуметтік жағдайы өте жоғары. Өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, туризм т.с.с. салалары қарқынды дамыған бұл қаланың тұрғындары тұрмыс-тіршілігіне толық қанағаттанады.


Женева – Швейцарияның тағы бір қаласы. Бұл шаһардың да тұрғындары әлеуметтік жағдайларына дән риза. Швейцария елінің тұрмыс деңгейі  үлкен көлемдегі салықтар мен нарық бағасының қымбаттығына қарамастан, жақсы өмір сүруде.


Ванкувер – Солтүстік Америка құрлығындағы тұрмыс деңгейі жақсы жалғыз қала. Халқының әлеуметтік жағдайының жоғары болуына Канада еліндегі үлкен салықтық төлемдер және қажетті тұрмыстық бұйымдардың қымбат бағасы ықпал етеді.


Вена – Австрия елінің астанасы. Бұл қаланың саябақтары мен туристік аймақтары кез келген жанға жұмақ мекен болып көрінеді. Венаның көз тартар сұлу көне ғимараттары мен сарайлары мәдени туризмнің дамуына сүбелі үлес қосуда.


Окленд – Жаңа Зеландияның ең ірі қаласы. Бұл қалада 1,4 миллион халық тұрады. Көркем табиғаты мен қаланың дамыған инфрақұрылымы жергілікті халықтың әлеуметтік жағдайының жоғары болуына оң әсерін тигізеді.


Дюссельдорф – неміс елінің жарнама индустриясының орталығы. Басшылық тарапынан бөлінетін үлкен көлемдегі ақша-қаражаттар тек шаһардың дамуына ғана емес, жергілікті халықтың тұрмыс деңгейінің жақсы болуына ықпал етеді.


Франкфурт – Германияның ірі қаласының бірі. Бұл қала алып ғимараттарымен ерекшеленеді. Франкфурттың дамыған инфрақұрылымы, әдемі саябақтары, тап-таза көшелері, әмбебап дүкендері жергілікті халықтың жақсы өмір сүруін қамтамасыз етеді.


Мюнхен – Германияның әсем қалаларының бірі. Бұл қалада өмір сүру жанға рахат сыйлайтындай. Мюнхен күллі Еуропаға өзінің «Октоберфест» сыра фестивалімен кеңінен танылған.


Берн – Швейцарияның тағы бір әдемі қаласы. Табиғатының тартымдылығы, ауасының тазалығы, суының мөлдірлігі Берн қаласының ерекшелігін көрсетеді.


Сидней – Австралияның ірі қалаларының бірі. Қаланың таңғажайып саябақтары, тап-таза жағажайлары, көз тартар сәулеті кез келгеннің жақсы өмір сүруіне ықпал етіп, жұмыс істеуіне, білім алуына үлкен жол ашады.

Байқағанымыздай, өзге құрлықтардың қалаларын басып озып, үздіктердің қатарына Еуропа мемлекеттерінің қалалары енген. Бір қызығы бұл елдердің халқы неміс тілін жетік меңгерген.

Суреттер http://www.panoramix.ru http://www.tpg.ua http://sightsworld.ru http://turistics.com  http://swiss-world.ru  http://www.infokart.ru  http://zabygrom.com ғаламтор беттерінен алынған.

Форумда ой өрбітейік

12471 9
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 21 ақпан 2012, 10:00
Пікірлер
+0
21 ақпан 2012, 10:44

уауууу, байлықтың бәрі қайда жатыр десем )

+0
21 ақпан 2012, 13:23

Бұйыртса ТОҚАЛДАРЫМДЫ осы қалалардаң бәріне апарып келемін! Тағы тоқал боламын деушілерге есік ашық!

+0
21 ақпан 2012, 11:37

Мәәәссаған! Қандай әдемі қалалар! Осы қалалардың тұрғындары өздерін бақытты сезінетін шығар. Бірақ маған өзімнің Қазақстанымнан артық жер жоқ!!

+0
21 ақпан 2012, 13:23

Бұйыртса ТОҚАЛДАРЫМДЫ осы қалалардаң бәріне апарып келемін! Тағы тоқал боламын деушілерге есік ашық!

+0
21 ақпан 2012, 13:32

Келешекте Алматы мен Астана да қосылып қалар!

+0
21 ақпан 2012, 15:12

оу Атааа! Ассалаумағалейкум! Аумин деңіз...

Айып етпеңіз, сіздің жүрмейтін жеріңіз жоқ екенін білеміз, бірақ мұнда қайдан адасып жүрсіз?

+0
21 ақпан 2012, 15:13

Ата, берші бата)))

+0
22 ақпан 2012, 17:02

Kanwa tokal bar ata ?))))))))))))))))))

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...