2012 жылдың желтоқсан айы

2012 жылдың желтоқсан айы

2012 жылдың желтоқсан айы бүкіл жер шары үшін алғанда уайым мен үрейге толы болды. Ақырзаман әңгімесін былай қойғанда, табиғат ана өз мінезін көрсетіп жатты.

Ал Ресейдің бірер ауданында суық ауаның кесірінен мектептер мен балабақшалар біраз мезгіл бойы жабылып қалды. Жалпы 1700-ден астам адам апатқа жолығып, 123 адам үсіп өлген. 1210 адам әртүрлі үсік ауруларына шалдыққан.

Алда болатын суықтан сақтану үшін біраз балабақша мен мектепте балаларды қар үстінде суға шомылдыру шаралары өткізілді. Ресейдің Сібір ауданында 18 жыл бойы балалар бақшасында тәрбиелеуші болған Олесяның айтуынша, «Бұл оларды жазалау емес, керісінше, тұмау мен ауруға болған қарсылық қуатты арттыру үшін жасалып отыр. Қазір бұл жеткіншектердің денсаулығы мығым. Бұл қимылға олардың ата-аналары да қарсы емес» дейді.

Ал Америкада желтоқсан айынан суық ызғар себебінен 2000-нан астам кезекші ұшақ кешіктірілді. Бірер штат қарақұйынның шабуылына жолығып, көптеген үй құлап, көптеген тұрғын баспанасыз қалды. Суық аязда 7 бірдей адам қаза тапты.

Филиппиндегі құйынның кесірінен 4 облыс, 5 қаладағы 10 мыңнан астам адам үй-мекенінен айрылды. Оның ішінде 6000 адам үкімет орналастырған суықтан паналану орындарына көшірілгенімен, 4000-нан астам адам әлі де панасыз қалып отыр. Филиппиннің солтүстігінен құрлыққа шыққан қарақұйын 1067 адамның жанын жалмап, 834 адам із-дерексіз кеткен.

 

Әлемде біраз ел қытымыр қыстың зардабын тартып жатқанда, Бразилия өртеніп тұрды. 26 желтоқсан Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында 1915 жылдан бергі ең ыстық күннің бірі болып тізімге енді. Ауа температурасы 43.2 градусты көрсетіп, рекорд жаңартты. Бұдан бұрын 1984 жылы осы елде ауа температурасы 43.1 градусты көрсетіп, ел рекордын жаңартқан екен.

Бұдан басқа әр елдегі қар мен қарлы боран тудырған апаттар санап тауысқысыз. Әлемнің жер-жерінде болатын суық және ыстық ауаның әсері тек ақпан айында ғана қайтады деп болжануда. 

Дайындаған: Алшын Матай

Сурет: meteovesti.ru, xinhau.net, baidu.com

Қ. Қауымбек