Акулаға толы аквариум сынып кетті

Акулаға толы аквариум сынып кетті

Шанхай сауда орталығында тұрған аквариум шытынап, сынып кеткен кезде ішіндегі акулалар да адамдарға қарай ағылды. Акуладан басқа, аквариум ішінде жабайы тасбақалар мен басқа да жабайы балықтар бар еді.

34 тонна салмағы бар шыны құты сынғанда, адамдарға шашырап, нәтижесінде 15 адам әртүрлі деңгейдегі жарақат алды. Оның ішінде аяғы сынып, жараланған бір адам тез арада ауруханаға жеткізілген.  

Қасақана болғандай, бұл сауда орнында жаңажылдық сыйлықтарға жеңілдіктер жүріп жатқан екен.

Сауда кентінің қонағы:

Апат ойда-жоқта болды. Сынған дауыс естілді де, одан кейін су басты. Бұл жарылысқа ұқсады. Сондықтан да өте қорқынышты болғанын жасырмаймын. Қасымда тұрған адамдарды су шайып кетті...

Өкініштісі де сол, Shanghaiist агенттігінің ақпаратына сенсек, барлық экзотикалық балық қырылып қалған. Оның бірде біреуін құтқаруға құтқарушы топтың уақыты болмаған. Ал мамандар болса, өз кезегінде кімнің, ненің кінәлі екенін енді анықтамақ...

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: daypic.ru

А. Құлтай