Тағдырды өзгертетін үй

Тағдырды өзгертетін үй

Белгілі сәулетші әрі суретші Сусаку Аракава мен ақын Маделин Джинс – бірнеше жылдардан бері өздерінің сәулет саласындағы туындыларымен әлем елдерін таңқалдырып келеді. Небір мықтылардың алдын орап жүрген Джинс пен Араква 1963 жылдардан бері бірлесе жұмыс жасайды. Олардың ең жарқын әрі таңдаулы жобаларының бірі – «Тағдыр қайтымдылығы» тұрғын үй кешені. Ол Жапонияның Митака қаласында 2002-2006 жылдары тұрғызылған болатын. Аса үлкен емес кешенде қарапайым үйлерге еш ұқсамайтын тоғыз пәтер бар.

Кешенді дүниеге әкелген шеберлердің басты мақсаты – мұнда бас сұғушылардың, әсіресе, қарт адамдардың зерікпеуіне, бос сандулауына жол бермеу. Ол үшін кешенде барлық жағдай жасалған.

«Тағдыр қайтымдылығы» кешені түрлі калибрлі бетонды блоктардан соғылған және бұл жерден біркелкі пішіндерді де, түстерді де көре алмайсыз. Ашық түстерге боялған шұңқыр едендер, ойыс қабырғалар, абыл-сабыл қойылған есіктер мен терезелер, қолжетімсіз жерлерге орналастырылған розеткалар мен тоқ қосқыштар, едендегі суға батып бара жатқан асхана, тек қана еңкейіп немесе еңбектеп өтуге болатын есік тесіктері -  бәрі де сіздің қырағылығыңызды арттырып, ойыңызды түбегейлі өзгертіп жібереді. Қалыпты тіршілігіңізді төңкеріп жіберуге дейін барады. Авторлар аттракцион-үйлер арқылы адамның өмірге, үйге деген көзқарасын өзгертуді, қиыншылықтарға қарсы тұруға үйретуді көздеген.


Аравака мұндай пәтерді ең алдымен түсініп алу керектігін айтады. Сондықтан ол кез келген адаммен келісім-шартқа отырмас бұрын осы мәселеге баса назар аударады екен.

Бір қызығы, «Тағдыр қайтымдылығы» үйі 163 мың доллар тұрса да (бұл Митакидегі қарапайым үйлерден екі есе қымбат), оған деген сұраныс күннен-күнге артып келеді.


Ерекше тұрғын үйдегі ең алғашқы пәтердің қожайыны атанған «бақытты» жан – жазушы Дзякуте Сэтоути. Танымал жазушы тілшілерге берген сұхбатында жаңа қоныстың өзін сау, сергек және жас сезінуіне септігін тигізгендігін бірнеше рет қайталап айтқан.

Суреттер:udivitelno.com,neobychno-neobychno.blogspot.com

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева