Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / Сырлы әлем / Су астында 25 жыл ұйықтаған қалашық

Су астында 25 жыл ұйықтаған қалашық

Су астында 25 жыл ұйықтаған қалашық

Бүгінде өлім құшып жатқан Эпекуэн Буэнос-Айрестен (Аргентина) 600 шақырым жерде жатқан бұрынғы шипажай еді. Қала 1920 жылдары тұрғызылып, жарты ғасыр уақыттан кейін туристердің алыстан іздеп келетін ең танымал шипажайына айналған. Өйткені, мұндағы Лаго Эпекуэн атты тұзды көлдің адам денсаулығына пайдасы шаш-етектен. Ал қазір оның орнында қираған үйінділер ғана жатыр... 25 жыл бұрын қалашық су тасқынының құрбаны болған.

Туристердің "Меккесіне" айналған Лаго Эпекуэннің тұздылығы кез келген мұхит суынанан 10 есе тұзды болатын, яғни, Өлі теңізден кейінгі орында тұрған бірден-бір өзен десе де болады. Мұнда адамдар күйзелісті, сарп ауруын (ревматизм), тері ауруларын, қаназдықты, қант диабетін емдеу үшін ағылып келетін.

Эпекуэнге ең алғашқы тұрғындар ХІХ ғасырдың соңында қоныстана бастады. Кейіннен теміржолдар жүргізіліп, шипажай тұрғызылғаннан кейін тұрғындардың саны ғана емес, шетелдерден келетін туристер саны күрт өсе түсті. ХХ ғасырдың ортасында жыл сайын 2500 саяхатшы келетін болса, 1970 жылдары олардың саны 5000-нан асты. Сол кезде Эпекуэнде қонақ үйлер мен жатақханаларды, бассейндерді, дүкендер мен мұражайларды қосқанда 300 мекеме жұмыс істейтін еді.

Алайда Табиғат-Ана бұл өлкеге мейірімділік танытпады. Жиі болатын жауын-шашынның әсерінен өзен суы арнасынан асып, 1985 жылдың қараша айының оныншы жұлдызында аса жойқын су тасқыны орын алды да, күллі Эпекуэнді тұзды су басып қалды. 1993 жылы су деңгейі 10 метрден асып Эпекуэн жер бетінен жойылып кетті.

Тек қана 2009 жылы климаттық жағдайлардың өзгеруінен кейін су мөлшері азайып, қираған үй қалдықтары көріне бастады.

Туған жердің құдіреті деген осы болар, бір кездері осы өңірде өмірге келген 81 жастағы Пабло Новак есімді азамат бүгінде Эпекуэн жеріне қайта келген. Осынау кең мекенде бірнеше жылдан бері жалғыз өмір сүріп жатқан Пабло атай әрдайым Эпекуэннің гүлденіп тұрған кезін кірпігі жасқа шылана отырып еске алады екен.

Дайындаған: Кәусар Мұң
Фото: bigpicture.ru,fototelegraf.ru,yaplakal.com,worldmammy.ucoz.ru,neobychno.com
Қосылған күні: 31 желтоқсан 2018, 09:10

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.