Жүрек ұстамасы

Жүрек ұстамасы

Сіз білесіз бе, өз өнімдерінің зияндылығын айдай әлемге жар салудан тайынбайтын дәмханалар бар екен. Мұндайды бұрын соңды естіп көрмегенсіз бе? Ендеше, жазбамыз тек сіз үшін!

«Жүрек ұстамасы» – бұл аса қауіпті жүрек ауруы ғана емес, өте ерекше мейрамханаға берілген атау. Ал мейрамхана ғимараты Аризона штатының Чендлер қаласында орналасқан.

Міне, кез келген америкалықтың арманына айналған мейрамхана осы!

Әрине, дәмхана атауы өте ерсі естілуі мүмкін. Ал оның заты атынан да қызықты! Және ғимараттың сыртына холестеринге бай және майлы тағамдар сіздің өміріңізге қауіпті деген түрлі ескертулер жазылған. Даяшы қыздар медбикенің киімінде қызмет көрсетсе, мейрамхана басшылары дәрігерлердің формасын тастамайды.

Әлемдегі ең тәтті бургерлер дәл осы «жүрек ұстамасы» мейрамханасында дайындалып, өте арзан бағада сатылады. "Жүрек ұстамасының" бургерлерін жеп көрген туристер "өлуге тұрарлықтай тамаша дәм" деген баға берген екен.

3 мың доллар тұратын бір бургерде – 10 000 калория бар. Бұл бүкіләлемдік рекорд. Былтырғы жылы мейрамхана тағамдарын жеген екі келуші жүрек ауруына душар болады. Ал жақында дәл осындай бургер мен Маргарита ішімдігін ішіп отырған бикеш есінен танып қалады да, ауруханадан бір-ақ шығады.

Мейрамхана қабырғасына қойылған ғимаратта күніне қанша калория пайдаланғаныңыз көрсетіліп тұрады.

Айтпақшы, медбике киіміндегі даяшылар түскі астан кейін сізді мүгедектер арбасына салып, аялдамаға дейін тегін апарып тастайды. 

Суреттер:jo-jo.ru,batona.net,ziza.qip.ru,krabov.net

 

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева