Хэллоуин сыры: Қазан айында неге асқабақтарды безендіреді?

Хэллоуин сыры: Қазан айында неге асқабақтарды безендіреді?
Фото: history.com, loving-newyork.com

АҚШ-та қазан айының 31-жұлдызы Хэллоуин мейрамы жақындап келеді. Бұл мерекеге орай Нью-Йорк көшелері безендіруді бастап кетті. Әсіресе, есік алдына асқабақ қойылады. Неге асқабақ?

Ең дұрыс және ақылға сиятын жауап – асқабақ маусымы. Асқабақ қазан айында толық піседі, демек оны егістіктен жинап алу оңай болады. Қазірде дүкендерде асқабақтың үлкенін, кішкентайын, дөңгелегін, сопағын, тіпті ескіріп, мыжырайып қалған түрлерін кездестіруге болады. Ескірген түрлерін көбіне декорация үшін пайдаланады. Асқабақты тағам дайындауда да қолданады. Қазір асқабақ қосылған кофенің маусымы десек болады. 

Енді тылсымдығы неде дегенге жауап іздеп көрейік. Хэллоуиннің аңызы о Jack-o'-lantern – Джек шамы туралы. Бұл ирландиялықтардың көне мифі.

Ерте, ерте, ертеде Джек есімді салақ ұста өмір сүріпті. Жиі өтірік айтып, маскүнемдікке салынған. Жүрген жерінде шу көтеріп, елдің мазасын қашырған деседі. Бір күні ол шайтанды да алдаған екен (Алдар көсе аңызына ұқсайды). Джек шайтанды алдаса, оның жанын алмауға келіседі. Джек өлген кезде көктің есіктері жабылып, Джектің жаны жерде қалған-ды. Шайтан оған шоқ тастаған екен. Ал Джек болса, сол шоқ отты орамжапырақтың ішіне тығып кетіп, өзі әлем шарлап кетіпті, әлгі жүрген жерінде жасыл от қалдырып жүреді-мыс. Жүздеген жыл бойы ағылшындар Джектің адасқан жанын шатастыру үшін баспалдақтары мен терзелерінің алдына кесілген көкөністерді қойып жүрген екен. Уақыт өте келе орамжапырақты асқабақ алмастырған. 

Тарихи жазбаларда алғаш рет асқабақтан жасалған шамдар туралы 1837 жылы жазылған. Ал 1866 жылдан бастап Хэллоуин мерекесінде жиі қолданыла бастаған. Қазір күзде асқабақ жинау – әрбір екінші америкалықтың отбасылық дәстүріне айналған. 

Америкалықтар мереке тойлағанды жақсы көреді. Әсіресе, түрлі түсті, жарқын жарқылды етіп атап өтеді. Америка Құрама Штаттарының ішінде нью-йорктіктер Хэллоуинді үлкен карнавал шеру ретінде тойлайды.

Г. Берік