Енді қайталануы қиын 6 тарихи оқиға

Енді қайталануы қиын 6 тарихи оқиға
Фото: pikabu.ru

Тарихта кей оқиғалар қайталана береді. Соғыстың жүру барысы, туындауы да түрлі болғанымен, тарихта бірнеше мәрте қайталанған сәттер аз емес. Кей оқиғалар да солай. Соған қарамастан адамзат тарихында бір-ақ рет болған, енді қайталану мүмкіндігі өте төмен 6 оқиға бар. 

Сыра тасқыны

Сергей Михалковтың ертегісіндегі айлакер тышқанның сыра бөшкесіне түсіп, құтқаруды өтінген жағдайы XIX ғасырдың басында Лондон тұрғындарына жақсы таныс еді. 1814 жылы қазанда Тоттенхэм корт-Роудтағы сыра қайнату зауытында сыра сауыты жарылады. Ол жарылыс басқа қор ретінде сақталған сыра бөшкелерінің жарылысына себеп болады. Нәтижесінде көшеге 1,5 миллион литр көбікті сусын төгілген. Сыра толқыны қатты болғаны сонша, ғимараттардың қабырғаларын қиратқан. Сыра тасқынының салдарынан 9 адам қайтыс болды - оның 8-і сұйықтыққа батып кетсе, біреуі алкогольден уланып қайтыс болды. Оқиға табиғи апат деп жарияланды. Сол себепті зардап шеккендер өндірушіден ақша өндіре алмады.

Каррингтон оқиғасы немесе 1859 жылғы геомагниттік дауыл

Британиялық астроном Ричард Каррингтон 1859 жылы 1 қыркүйекте күн бетіндегі үлкен жарылысты байқайды. Бұл  соңғы 500 жыл ішіндегі ең үлкен геомагниттік дауылдың басталуына себеп болды. Еуропа мен Солтүстік Америкадағы барлық телеграф желілері істен шықты, ал Солтүстік шұғылалары тіпті Кариб теңізінде де байқалған. Сәуленің жарқырағаны соншалық, көпшілік таң атты деп ойлап, ұйқыларынан оянған. Ауа-райында түрлі өзгерістер болған. 

Шешек дертінің жойылуы

1967 жылы адамзат баласының алдында негізгі мақсаттардың бірі тұр еді. Олар жылына 2 миллион адамның өмірін қиған шешек ауруынан мәңгілікке құтылуды мақсат етіп, соның жолдарын қарастыра бастады. Оның шешіміне қол жеткізу үшін 10 жылдан астам уақыт қажет болды. Тек 1979 жылы ауру ресми түрде жойылды деп жарияланды. Бүгінгі күні бұл адамзат баласы біржола құтыла алатын жалғыз ауру түрі ретінде белгілі.

Екі мұз алыбына саяхат

Күн жүйесінде мұз алыптары тобына жататын екі ғаламшар бар. Олар судан, аммиактан, метаннан, күкіртті сутектен және тау жыныстарынан тұратын Уран мен Нептун. 1977 жылы "Вояджер 2" ғарыш аппараты ғарышқа аттанады. Ол Уранға (1986 жылы) және Нептунға (1989 жылы) жеткен бірінші және әзірге жалғыз ғарыш аппараты. "Вояджер 2" аппаратының арқасында Уранның атмосферасы 85% сутегі мен 15% гелийден тұратынын білеміз. Ал, "Вояджер 2" Нептунды аралап жүріп, оның серіктерінің бірінде белсенді гейзерлерді анықтады.

Соғыс кемелерін атты әскердің басып алуы

Сіз атқыштар мен жаяу әскердің 850 зеңбірегі мен бірнеше сауда кемелері бар 14 линиялы флотты басып алғанын елестете аласыз ба? Бұл да — тарихта болған оқиғалардың бірі. 1795 жылы қаңтарда голландиялық флот Амстердам маңында зәкір түсіріп, тұрақтайды. Сол жылы қыс қатты суық болды, теңіз мұзбен жабылды, ал кемелер сөзбе-сөз қатып қалды. Нәтижесінде француздар жауды еш қиындықсыз басып алады.

Құрғақ Ниагара сарқырамасы

Ниагара сарқырамасынан секунд сайын 567 мың литр су су ағады. Бірақ 1969 жылдың жазында эрозияға қарсы жұмыстардың нәтижесінде сарқырама бірнеше ай бойы құрғап кеткен болатын. Әрине, бұл туристердің қызығушылығын арттырмаса, кеміте қойған жоқ.  Алғашқы аптада-ақ 90 мыңға жуық адам құрғақ Ниагараны көруге келген.

Т. Есқали