Карцер бөлмесі адам өмірін қалай сақтап қалды?

Карцер бөлмесі адам өмірін қалай сақтап қалды?
Фото: kurioso.es

Мартиника аралында орналасқан Сен-Пьер қаласындағы апатты жанартау атқылауынан кейін 27 000 тұрғыннан тек 2 адам аман қалған. Бүгін аман қалған тұрғындардың қалай жан сақтап қалғанынын баяндаймыз.  

1902 жылы 28 сәуірде француз суретшісі Поль Мерварт Мартиника аралының солтүстігінде жұмыс істейді. Ол Мон-Пеле тауына көтеріліп, түтіндетіп жатқан жанартауды суреттеуге кіріседі. Тау екі жыл бойына түтіндеп тұрғандықтан, одан айтарлықтай қауіп күтпеген еді. Мерварт жанартау Сен-Пьер қаласын толығымен жойып жібергеннен соң, араға 10 күн салып қаза табады.

Жанартау атқылағанға дейінгі Сен-Пьер қаласы, 1902 жыл. Дереккөз: Library of Congress

Оқиға алды:
Какао өндірушілері үшін жанартау күлі пайдалы еді. Өйткені ол жерді тыңайтып, бірнеше жыл бойына егіннің өнімді шығуын қамтамасыз етті. 

1 мамыр күні тау төңірегін мекендеп жатқан қала тұрғындары қатты дауыстан оянады. Оған себеп Мон-Пеленің батыс беткейіндегі Пресчер қаласы жанартау күлінің астында қалуы еді. Келесі күні Пресчер тұрғындарының басым бөлігі Сен-Пьерге көшуге шешім қабылдайды. Әзірге олар өз өміріндегі ең қате шешімді қабылдағанын білмейтін. 

3 мамырда жанартау күлі Мартиника аралының астанасы Форт-де-Франсқа жетеді. 4 мамырда күлді жауын тоқтап, халықтың басым бөлігі осымен жанартаудан төнген қатер толығымен жойылды деген ойда еді. 5 мамырда Riviere Blanche сазды балшыққа айналды, таудан төмен сырғыған тастар мен ағаш діңдері қант өңдеу зауытын бұзып, теңізге тастады. Салдарынан 25 адам қайтыс болды. Ал 6 мамырда кратерден шыққан түтін азайып, оның орнына от көрінді. Бұл қауіпті жағдай туралы соңғы ескерту еді.

Апат күні

8 мамыр күні таңертең Мон-Пеле аймағында жанартау атқылау басталды. 1903 жылы бұл жанартаудың атқылау түрін пелеус (Пеле сөзінен шыққан) түр деген атау берді. Жанартау атқылау әсерінен газдардың, түтін, күл және 1000 градус ыстық және сағатына 700 километр жылдамдыққа ие тастардың пирокластикалық ағыны басталады.

Сен-Пьердегі жанартау атқылаған сәт, 1902 жыл. Дереккөз: Library of Congress

Апаттан кейін екі күн өткен соң, Сен-Пьерге келген адамдар көшелердің бөліну аймағын да таба алмаған. Тұрғын үйлер жеңіл материалдардан салынғанымен, қалада тастан салынған биік ғимараттар да бар еді. Апат кезінде бұл ғимараттардың толығымен бұзылған. Толқын температурасы мен ауадағы газ адамдарды бірден өлтірген. Көшедегі адамдарға қарағанда, үйде жан сақтауға тырысқан адамдар ұзақ әрі қиналып қаза тапқаны мәлім болған. 

Сағат 8:05 Сен-Пьер қаласының тек күлі қалған. Ал қалада аман қалғандар саны небәрі екеу болған. 

Апаттан кейінгі қала, 1902 жыл. Дереккөз: Library of Congress

Аман қалғандар
8 мамырда таңертең етікші Леон Компер-Леандр пирске келіп тынығады. Ол бұл жерден жанартау аймағын анық көреді. Ағынды байқаған ол бірден үйге жүгіреді. Жанартауға жақын орналасқанымен ағын жолы басқа аймақта еді. Леон ыстықтан өртенген шапанын байқайды. Ол жан сақтау үшін үстелдің астына тығылған.  

Қара жұмысшы Сансон лақап атымен танымал Луи-Огюст Силбарис қаланың қақ ортасында болса да, аман қалған. Оған себеп, оның түрмеде болуы. 

Оқиға дейін бір ай бұрын Сансон қоғамдық жұмыстан қашып, өзінің туған қаласына мерекені атап өтуге кетіп қалады. Қыдырып қайта оралған Сансонды жазалау мақсатында карцерге қамайды. 

Луи-Огуст Силбарис  және оны аман алып қалған тасты карцер. Дереккөз: kurioso.es

Таңғы 8-де карцер іші қатты ысып кетеді, ал Сансон сырттан "Өртеніп жатырмын" деген адамдардың жан-дауысын естіген. Бірнеше минуттан соң айқайлар басылған. Кейін есіктерден ішке түтін кірген деседі. Тек төрт күннен кейін ғана қорқыныш пен алған күйіктен есінен танып қалған Сансон сырттан дауыстарды естіп, көмекке шақырады.

Сен-Пьерде аман қалған адам туралы әлемге тек маусым айының аяғында ғана белгілі болады. Бұл оқиға арқылы ақша табуға болатынын білген Barnum & Bailey циркі Сансонды АҚШ-қал алып келеді. Ол өз оқиғасын баяндай отырып, қалған тыртықтардың себебін түсіндіріп табыс табады. Бірақ оның танымалдылығы тәртібіне әсер етпесе керек, ол әріптесіне пышақ сұққаны үшін оны сол жылы-ақ циркттен қуады. Ары қарай оның өмірі туралы дерек жоқ. 

Осындай қызықты ақпараттармен таныс болу үшін инстграм арнамызға жазыл!

Т. Есқали