Бразилиялық ғалымдар маймылдың жаңа түрін анықтады

Бразилиялық ғалымдар маймылдың жаңа түрін анықтады
Фото: www.sci-news.com

Бразилияда ғалымдар маймылдардың жаңа түрін анықтады. Олар Амазония джунглиінен табылды және атақты приматолог Хоратио Шнайдердің құрметіне Mico schneideri деп аталды. Бұл туралы Nature басылымы жазды.

Аталған маймылдар өте кішкентай. Олар сондай -ақ түсі мен генетикалық ерекшеліктерімен айрықшаланады. Бұл жаңа маймыл түрлерін ғалымдар 2015-2018 жылдарда өткен он экспедиция кезінде жолықтырып, маймылдардың басқа түріне жататынын байқай тұра оларды Mico emiliae түріне жатқызды.

Қазір Mico schneideri мекендейтін Амазония джунглилері үлкен өзгерістерге ұшыраған. Сондықтан зерттеушілер үшін болашақта аталған маймыл түрлерін сақтап қалып, одан әрі зерттеу үшін жергілікті био жағдайды құжаттау маңыздылығы жоғары.

А. Оралқызы