Ғалымдар болжамы: ХХІ ғасырдың аяғында адам 130 жыл өмір сүреді

Ғалымдар болжамы: ХХІ ғасырдың аяғында адам 130 жыл өмір сүреді
Фото: www.kto-chto-gde.ru

Сарапшылар ұзақ өмір сүрудің Халықаралық базасының (IDL) көрсеткіштерін талдап, 2100 жылға қарай адамдардың ғұмыр жасы ұзаратынын айтты. Бұл туралы Вашингтон университеті ғалымдарының Demographic Research журналында жариялаған мақалада айтылады.

Сарапшылар егде жастағы адамдар үшін өмір сүру модельдерін саралай келе, Байестің формуласын, сондай-ақ Халықаралық ұзақ өмір туралы мәліметтер базасының (IDL) көрсеткіштерін қолдана отырып, алдағы уақыттағы адам жасының ұзақтығына қатысты болжамдарын анықтауды қолға алған.

Зерттеу жұмысының соңында ғалымдар тобы ХХІ ғасырдың аяғында адамдар 126–130 жылға дейін өмір сүре алады деген қорытындыға келді. Болжам ықтималдығы 99% құрайды. Баяндамада 130 жасқа жету мүмкіндігі 13% құрайды, ал 126 жасты тойлау ықтималдығы 89% құрайды деп көрсетілген.

Адамның қазіргі өмір сүру ұзақтығы - 122 жыл.

А. Оралқызы