Қытай аруы полицей киімінде суретке түскені үшін айыпталды

Қытай аруы полицей киімінде суретке түскені үшін айыпталды

Қытайлық фотомодель Ван Сяомен Қытай полицейінің киімімен фотосессия жасағаны үшін 9 айға абақтыға жабылды. Бұл туралы The Nation ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Сот үкімі тура бір жылдан соң атқарылатын болды.

Ван Сяомен полиция формасына ұқсайтын бутафорлық сипаттағы киім кисе де, сот оның әрекетін заңға қайшы деп тапқан екен. Бұл фотосессия шытырман оқиғалы ролик түсіруді ойға алған жарнама компаниясының жұмысы болып отыр. 

Фотосессия суреттерін модель Twitter-дің Қытай еліндегі аналогы саналатын Sina Weibo әлеуметтік желісіне салған екен. Мұны көрген бірнеше қолданушы полицияға хабар беріп, дереу арыз түсірген.

Нәтижесінде Ван Сяоменге полиция қызметкерін заңсыз түрде насихаттағаны үшін айып тағылды.

Модель бұл жағдайға қатысты өз пікірін де білдіріп үлгерді. Ол өзінің тәрбиесіз қылық жасағанына өкінеді.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: ladynews.com.ua

А. Құлтай