Күн туралы қызықты 10 дерек

Күн туралы қызықты 10 дерек
Фото: rusdialog.ru

Күн бізге ең жақын жұлдыз және оның көптеген құпиялары бар. Төменде біз Күн туралы бірнеше қызық дерек ұсынамыз.

  1. Күннің түсі сары емес. Жердің атмосферасы оны сарыға айналдырады. Егер сіз Күнге ғарыштан қарасаңыз, ол ақ түске айналады.

2. Күн сәулесі жерге 8,3 минутта жетеді.

3. Күн негізінен сутектен (массасы бойынша 72 пайыз) және гелийден (массасы бойынша 25 пайыз) тұрады. Уақыт өте келе сутек жанып, термоядролық синтез арқылы гелийге, содан кейін басқа элементке айналады. Сутегі таусылған кезде Күн де жоғалады.

4. Шамамен 8 миллиард жылдан кейін күн сары ергежейлі жұлдыздан қызыл алып шарға айнала бастайды. Оның мөлшері ұлғайып  Жер орбитасына дейін жетеді. Осыдан кейін, қабық жыртылып, Күн қайтадан миллиард жыл бойына салқындап, кішірейіп, ақырында ақ ергежейлі жұлдызға айналады.

5. Күннің массасы Жердің массасынан 333 мың есе артық және бүкіл Күн жүйесінің жалпы массасының 99,87% құрайды.

6. Жұлдыздар эволюциясының компьютерлік модельдерін қолдана отырып, ғалымдар Күн шамамен 4,5 миллиард жаста деген тұжырым жасады. Күн алып шарға айналуы үшін 10 миллиард жыл қажет екен. Демек қазір ол орта жаста.

7. Күннен Жерге дейінгі арақашықтық 149,6 миллион шақырымды құрайды. 

8. 1859 жылдың 1 қыркүйегі мен 2 қыркүйегі аралығында Күн сәулесінің әсерінен пайда болған тарихтағы ең үлкен геомагниттік дауыл болды. Дауыл кезінде телеграф жүйелері бүкіл Еуропа мен Солтүстік Америкада істен шықты. Сотүстік шұғыласы бүкіл әлемде, тіпті Кариб теңізінде де байқалды.

9. 1992 жылы Ватикан Жердің шынымен де Күнді айналатынын ресми түрде мойындады.

10. Егер біз ғарыш кеңістігін  жарық жылдамдығымен саяхаттайтын болсақ, Күнге 8 минут 20 секундта жетеміз.

Т. Раушанұлы