Әлемдегі қалалар құрлықтың 3% құрайды

Әлемдегі қалалар құрлықтың 3% құрайды

Бүгінде қалалар құрлықтың 3% құрайды. Иллинойс университетінің ғалымдары жыл сайын артып келе жатқан қалалардың климатқа әсерін зерттеді. 

Nature Climate Change журналында жарық көрген зерттеуде қалалардың ауа райының ысуына әсері бар екені айтылған. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ақпаратынша, 2000 және 2016 жылдар аралығында ауа райының қалыптан тыс ыстық болуынан 125 миллион адам зардап шеккен. Ал 1998 жылдан бері 166 мың адам қайтыс болған.

Зерттеушілер қала тұрғындарының саны 2050 жылға дейін 70% өседі деп болжайды. Ал қалалардың үлкеюі климаттың ысуына тікелей әсер етеді. 

Аптап ыстық кезінде адам ағзасы қанды органдардан теріге қарай бағыттайды. Осының арқасында адам денесінің температурасын бірқалыпта ұстауға мүмкіндік береді. Алайда күн қатты ысығанда адам ағзасы қысымға шыдай алмай, қан органдарға жетпей қалады. Осының салдарынан маңызды органдар зақым шегеді. 

А. Рысдәулет