Метеорит түссе де, аман қалған қолтырауындар

Метеорит түссе де, аман қалған қолтырауындар

Қолтырауын – Жердегі ең ежелгі тіршілік иелерінің бірі. Ғалымдар қолтырауынның динозаврмен қатар өмір сүргенін айтады. Бір қызығы 200 миллион уақыттан бері қолтырауынның дене құрылысы еш өзгермеген. 

Nature Communications Biology басылымында Бристоль университетінің ғалымдары жасаған зерттеу жұмысының нәтижесі жарияланған. Ғалымдар қазіргі қолтырауын мен ежелгі қолтырауынның сүйегін салыстыра отырып зерттеген. Олар жануар денесінің ұзындығына мән берген. Оған қарап ғалымдар:

– бойының өсуін;

– популяция санын;

– жойылып кету қауіпін анықтаған. 

Зерттеу жұмысында ғалымдар қолтырауынның миллиондаған жылдағы эволюциясын жасап шығарды. Эволюция барысында қолтырауындар бір ыңғайлы жағдайды тауып, одан ары дамымаған. Әзірге табиғатта қолтырауынға бар жағдай жасалып тұр. 

Алып метеорит құлағанда да, жер бетін мұз басқанда да қолтырауын жойылып кетпеген. Керісінше, төзімі, ерекше өмір сүруі арқасында есте қалды. Дегенмен ғалымдар әлі күнге қолтырауын метеориттің түсуі секілді қиын кезеңнен қалай тірі қалғанын дөп басып айта алмайды. 

Қолтырауын суда өзін еркін сезінетін, жерде жылдам жорғалайтын жыртқыш. Кейбір қолтырауындар сағатына 18 шақырым жылдамдықпен жүгіре алады екен.


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар