Із-түссіз ғайып болған кемелер

ХХ ғасырда ғылым-білім, техника қарыштап дамыды. Адамзат қанша дамыды десек те табиғаттың кейбір тылсым жұмбақтарын шеше алмай келеді. Бүгін біз жұмбақ жағдайда мұхитта жоғалған кемелер туралы әңгімелейміз.

Porpoise

1832 жылы құрылған кеме қос желкенінің түрлі-түсті болуына байланысты "Бриг-Хамелеон" деген лақапатпен танымал болған. Кеме 1838 жылы зерттеу экспедициясына қатысып, Антарктидаға дейін барған. Содан кейін Қытайға қарай сапарында Гонконгқа жетуіне екі күн қалғанда із-түссіз жоғалып кеткен.

Wasp

Wasp британ капері әскери кеме еді. Ол 13 операцияға қатысып, 1814 жылға қарай теңіз қарақшылары үшін ең қауіпті кемеге айналған. 1814 жылы 22 қыркүйекте кеме экипажына сауда кемесіне жабуыл жасау бұйырылған. Бұйрық бойынша кеме капитаны жолда кездескен барлық кемені суға батыруы керек еді. Бір күннен кейін Wasp белгілі сауда жолында жұмбақ түрде ғайып болған.

SS Baychimo

Бұл жүк кемесі Канаданың солтүстігінен жүн тасыған. 1931 жылдың қысы тым ерте басталып, жолға шыққан кеме мұзда тұрып қалған. Экипаждың көп бөлігі құтқарылды, 20 мүшесі ауа-райының өзгеруін күтіп, кемеде қалуға шешім қабылдаған. Содан кейін бұл адамдарды ешкім көрмеген.

Варата

1909 жылы Варата жолаушылар кемесі Дурбаннан Кейптаунға жолға шыққан. Куәгерлердің айтуынша (Gestar әскери кемесі параллель қозғалған), түнде кемеде таңғаларлық жарық жарқылдар байқалған, содан кейін кеме мүлдем жоғалып кетті. Варатаны іздеу бір ғасыр ішінде бірнеше рет қолға алынды. Соңғы 2004 жылғы іздеу сәтсіз аяқталды.

USS циклоп

Болаттан жасалған алып кеме Циклоп 1918 жылы Бразилиядан Балтиморға бара жатып жоғалып кетті. Кемеде қару-жарақ үшін маңызды өнім марганецтің үлкен қоры болған. Бір қызығы, АҚШ әскери-теңіз күштері тіпті соғысқа қажет жүкті алып бара жатып жоғалып кеткен кемені табуға тырысқан жоқ.