Лори, тасбақа, коала: Ең баяу қимылдайтын жан-жануарлар

Тіршілік үшін күрес табиғатта бір сәт те толастаған емес. Жемтігін табу мен жем болмаудың басты бір жолы – қимыл-қозғалыс. Жан-жануарлар жер ауыстыру, өзіне қолайлы орта табу үшін әр сәт сайын күреседі. Тіпті кей тіршілік иелеріне қимыл басты қорғаныс амалы.

Табиғатта бәрінен баяу қимылдайтын жан-жануарлар мен жәндіктердің жылдамдығы аз болса да, кейбірі жауынан өзіндік қорғанышы арқылы сақтанады. Олар қашып кете алмайды, есесіне сауыты, уы болады немесе түсін ауыстыруы мүмкін. Олай болса сондай тіршілік иелерінің бір парасын шолып шығайық.

Коала

Австралиядан шыққан бұл шөпқоректілер өмір бойы эвкалипт ағашының тәжінде отырады және оның өсіндісімен, жапырақтарымен қоректенеді. Алайда бұл ағаштың жапырақтары өте улы (фенол және терпен қосылыстары бар) болғандықтан, оларды баяу, ұзақ шайнайды. Содан оны асқазанда сіңіреді. Осындай аз қоректік диетада отырып, энергияны үнемдеу үшін коала күннің көп бөлігінде ұйықтайды. Ал егер ол қозғалса, онда 25 миль/сағ жылдамдықпен қозғалады.

Аризон утісті кесірткесі

Аризон утісінің төменгі иегінің сілекей бездерінде уы түзіледі. Уы тек қорғаныс қаруы ретінде ғана қызмет етеді. Кесіртке уын шайнаған кезде ғана өзінен бөле алады, өйткені токсинді күшпен енгізетін бұлшықеттері жоқ. Ал жылдамдығы – сағатына 15 миль.

Теңіз сиыры

Теңіз сиыры – өте үлкен сүтқоректілердің бірі. Ұрғашысының ұзындығы 4-5 метрге жетеді, салмағы бір тоннаға дейін барады. Олар тек теңіз жағалауында өсетін теңіз балдырларымен қоректенеді. Энергия шығынын азайту үшін олардың жылдамдығы сағатына 13 мильден аспайды.

Америкалық вальдшнеп

Құстың бұта және өсіндіге ұқсас, ағаш тәрізді түсі оны басқа жануарлардан қорғай алады. Омыртқасыздар мен жауын құрттары олардың тамақтануының негізін құрайды. Ал оны аулау үшін 5 миль/сағ жылдамдықпен қозғалу жеткілікті.

Лори

Лоридің шынтақ буынында сілекеймен бірге улы секреция шығаратын арнайы бездері бар. Жыртқыштарға көрінбейтін "сауыт" қалыптастыру үшін жануардың өзін жаулап алуы жеткілікті. Сесебі олар түнде ғана азық іздеуге шығады. Шу шығармау үшін олар сағатына 1,3 миль жылдамдықпен баяу және мұқият қозғалады.

Алып тасбақа

Ең баяу қимылдайтын жануарлардың тізімінде алып тасбақалар тек 5-орынға ие болды. Орташа салмағы 300 кг болатын алып тасбақалар шамамен 100 жыл өмір сүреді және ұзындығы – 1,3 метр. Тасбақа сағатына 1 миль жылдамдықпен қозғалады.

Үш саусақты жалқауаң

Жалқауаң (ленивец) тек ағаш жапырағымен қоректенеді. Жалқауаңның ас қорыту процесі шамамен бір айға созылады, сондықтан оның өмір салты энергияны үнемдеуге бағытталған. Олар 0,15 миль/сағ жылдамдықпен қозғалады.

Теңіз жұлдызы

Теңіз жұлдызы жыртқыш жануар саналса да, омыртқасыздар класының бұл мүшесінде тырнақ та, жылдамдық та болмайды. Өзін жаудан қорғау үшін олар тырнақ қағидасына негізделген қаңқа түзілімдерін пайдаланады, сондықтан олардың қозғалуы үшін 0,1 миль/сағ жылдамдық жеткілікті.

Бақша ұлуы

Бақша ұлуы қабығының мөлшері 14-16 мм ғана, ал биіктігі 19-21 мм. Өзіне қауіп төнген кезде, қабығы пана болады. Олар 1,4 см/сек жылдамдықпен жорғалайды.

Теңіз аты

Дене құрылымы ат тәрізді бұл ерекше құбылыстың көлемі – 2-ден 30 см-ге дейін. Осы ерекшелігіне байланысты  теңіз аты балдырлар арасында көрінбейді және жыртқыштар да көп байқай бермейді. Ол ұсақ шаянмен, асшаяндармен қоректенеді және өзін тамақпен қамтамасыз ету үшін жылдамдығы секундына 0,04 см ғана болады.