Ұшақсыз жасалған таңғажайып саяхат

Осыдан бірнеше күн бұрын британдық Грэм Хьюздың жершарына жасаған саяхаты аяқталды. Ол әлемнің 201-ге жуық мемлекетіне саяхат жасап, Гиннестің рекордтар кітабына енді. Күллі әлемді аузына қаратқан батыр төрт жылға жуық уақытқа созылған саяхатында бірде-бір рет ұшақтың көмегіне жүгінбеген екен.

Британдық азамат 1426 күнін жол бойында өткізген. Грэм осы уақыт бойында бірнеше ережені қатаң ұстанған: оның бастысы - ұшақтың көмегіне жүгінбеу, өзінің жеке меншігіндегі емес қоғамдық көліктерді, аттарды пайдалану, жалғыз жүру, аптасына $100-дан артық жұмсамау.

Саяхатшы тілшілерге берген сұхбатында: "О баста осы ережелерді жасап шыққанымда, елдер мені есінен алжасқан деп ойлады, ал біреулер жоспарды орындап шығу қолымнан келетіндігіне мүлде сенбеді", - деп көзіне жас алған.

Грэм Хьюз "Одиссей" деп ат таққан саяхатын 2009 жылдың 1 қаңтарында Уругвай жерінде бастап, Оңтүстік Суданда (ол саяхатты бастағанда мұндай мекен мүлде жоқ болған) аяқтайды. Оның саны жоқ визаларының қатарын төрт жеке куәлік толтырған.


Оның туыстары мен жора-жолдастары дағдарыс аузында тұрған Ауғанстан, Сомали сынды елдерге жасалатын сапарларын қатты уайымдайды. Алайда, бұл елдердің шекараларында айтарлықтай қиындықтар тумаған. Грэм Конгода бір апта түрмеде отырып, Ресейде тұтқынға алынса да, шағын аралдық мемлекеттерге жету үшін ағаш қайықтардың көмегіне жүгінуіне тура келген.

Ол өзінің саяхаты барысына түсірген суреттері мен видеоматериалдарын, қызықты әңгімелерін жеке сайтына жариялады. Және National Geographic Adventure бағдарламасы мен WaterAid  атты таза сумен күрес жүргізетін қайырымдылық қорына құнды материалдар легін табыс еткен.

Суреттер:subscribe.ru,psytribe.ru,ujanus.livejournal.com

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева