Ең ерекше галактикалар

Галактика – гравитация арқылы байланысқан газ, жұлдыз, ғаламшар мен шаңның алпауыт жүйесі. Біз білетін Құс жолында Күн жүйесінен басқа 100 миллиардтан астам жұлдыз бар. Ал ғаламдағы барлық жұлдыздың саны екі триллионнан асады дейді ғалымдар. Әдетте жұлдыздар спираль тәрізді, эллиптикалық және формасы дұрыс емес болып бөлінеді. Алайда ғаламда ешқандай топқа жатпайтын, ешкімге ұқсамайтын, мүмкін емес секілді көрінетін жұлдыздар да бар. 

Эдвин Хабблдың галактикаларды жіктеу жүйесі

Жұлдыздың түрін білу үшін алдымен оның жіктелуін тану қажет. 1920 жылдары астроном Эдвин Хаблл сол уақытта бар жұлдыздардың фотоларын зерттей отырып, оларды топтастырды. Хаббл жұлдызды түріне қарай спираль тәрізді, эллиптикалық және формасы дұрыс емес деп үш топқа бөлуді ұсынды. Қазір астрономдар жұлдыздарды осы үш топқа бөліп зерттеуді қолға алған. 

Қара көз галактикасы – М64

Түрі: спираль тәрізді галактика

М64 галактикасы Жерден 17 миллион жарық жылындай қашықта орналасқан Вероника шашы жұлдыздар тобына кіреді. Ғаламда түрлі түсті жарық жұлдыздың сан алуан түрі болғанына қарамастан М64 олардан ерекшеленеді. Хаббл телескобы түсірген суреттен қызыл түсті галактиканы көруге болады. М64 ерекшелігі түсінде емес, оның формасында. Өйткені ол бір-біріне қарама-қарсы бағытта айналатын екі галактикадан тұрады. Ішкі жағы бір жаққа, сырты басқа жаққа айналады. 

Оңтүстік дөңгелек галактикасы – М83

Түрі: Спираль тәрізді торланған галактика

Мessier 83 – ең әдемі галактиканың бірі. Бұл жүйеде жүздеген ғаламатжұлдыз жарылған. Дәл қазіргі сәтте М83 галактикасында сегіз белсенді ғаламатжұлдыз бар. Жалғыз галактикада осынша көп ғаламатжұлдыздың не үшін тобырланғаны белгісіз. 

Сомбреро галактикасы – M104

Түрі: Мойыны жоқ спираль тәрізді галактика

M104 екі галактикадан тұрады. Спираль тәрізді жазық галактика эллиптикалық галактиканың ішінде орналасқан. Оны 1781 жылы анықтаған. Әдетте галактиканың ядросы бір жұлдыздан тұрады. Алайда Сомбрероның ядросы бірнеше бөлікке бөлінген жұлдыздар тобынан құралған. Бүгінге дейін ғалымдар ядроны айнала қоршаған шаңды жолақтың қайдан шыққанын түсіріндіре алмаған. Биыл астроном Пол Гудфруа бастаған топ Хаббл телескобының дерегіне сүйене отырып, Сомбреро екі алпауыт галактиканың соқтығысуынан пайда болды деген тұжырымға келді. 

A центравр – NGC 5128

Түрі: Эллиптикалық галактика

A центравр Күн жүйесіне ең жақын галактикалардың бірі. Ғалымдар NGC 5128 галактикасын зерттей келе оның ішкі жағында аса көрінбейтін жасырын спиральді анықтаған. Мұны ғалымдар бұрын жұтылып кеткен эллиптикалық галактиканың қалдығы деп түсіндіреді. 

NGC474 галактикасы

Түрі: Эллиптикалық галактика

1784 жылы Уильям Гершел ашқан галактика өзге эллиптикалық формадағы галактикалардан мүлдем басқа. Бір қарағанда суретшінің туындысы деп қаларсыз. Дегенмен бұл өмірде бар жұлдыздар тобы. Газ бен шаңнан тұратын қабығы – галактиканың басты ерекшелегі.