Аққу мен қарақудың бір-бірінен ерекшелігі қандай?

Аққу – қанатты құстың төресі, бейбіт өмірдің бейнесі. Жалпы аққудың 6 түрі бар. Қазақстанда олардың сұңқылдақ және сыбырлауық аталатын 2 түрі кездеседі. Сұңқылдақ аққу мойынын аспанға қарай тік созып жүзсе, сыбырлауық аққу мойынын иректете иіп, басы мен тұмсығын су бетіне қарата тік ұстап жүзеді. 

Қарақу деген де бар. Қарақу мен аққудың екеуінің бастары бір қазанға сыймайды. Аққулар секілді қарақулар су өсімдіктерімен қоректенгендерімен, өзара айырмашылықтары бар. Қарақудың аталықтары аққуларды тобына жолатпай ығыстырып тастайды.

Қарақудың аққудан бір ерекшелігі – олардың балапандарын еркегі қорғап жүреді. Сондай-ақ, дауыс ырғақтарында да айырмашылық көп. Аққуларға қарағанда қарақу ащы дауысты. Мойын омыртқасы 31-ге жететіндіктен мойындары ұзын келеді. Бүткіл денесі, жалпақ табанына дейін қап-қара, тек үшкір тұмсығы ғана қызыл болады. Қарақулар өздері дүниеге келген жерлерде өсіп-өнеді. Сондықтан олар жыл құстарының қатарына жатпайды. Ересектерінің ұзындығы 110 және 140 сантиметр аралығында болса, салмақтары  4-8 келі болып келеді.

Қарақу – үйректектестер отбасына жататын құс. Аустралиялықтардың ең сүйікті құстарының бірі саналады. Оларды бізге жақын таныс ақ қанатын сабалап, асыр салатын аққулармен салыстыруға болмайды. Отаны – Аустралия мен Тасмания. ХІХ ғасырдың орта тұсында оларды Жаңа Зеландия жеріне жерсіндірген. Ал Солтүстік Америка мен Еуропада олар қорықтар мен саябақтарда өсіріледі.